21 Октябрь
14:42
Астана: 6 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Мәдениет
13 шілде 16:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​ҚР Мәдениет және спорт министрлігі режиссер Жәнібековті сотқа беруі мүмкін

 
Танымал режиссер Талғат Жәнібековтің "Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы пара сұрады" деген мәлімдемесіне ҚР МСМ Мәдениет ісі жөніндегі департаменттің директоры Ақтоты Райымқұлова жауап қайтарды.  
 
«Қоғамның әрбір мүшесі өз ойын ашық білдіруге құқылы, әрине. Министрлік мәдениет саласына жауап беретін орган. Ал, жобаларды әзірлеу немесе тоқтатып тастау сынды жұмыстар "Қазақфильм" киностудиясы тарапынан жүргізіледі. Аталған компания кино шығаратын негізгі фабрика. Олар шығарған шешім сарапшылар комитетінің шешімімен негізделген. Бұл шығармашылық мәселелер және олар киностудия қабырғасында шешіледі, кейін министрлікке ұсынылады. Қазір біздің тарапқа тағылған айыптардың бәрін заңгерлер мен тіл мамандары тексеріп жатыр. Нәтижесіне байланысты шара қолданамыз және оны жария етеміз»— дейді А.Райымқұлова.

Дереккөз: sn.kz
нравится:    640
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии