19 Август
07:45
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
21 маусым 12:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Н.Нығматулинді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді


Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бүгін Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеу туралы қаулы шығарды. 

Төменде аталған қаулы мәтінін толық нұсқада ұсынамыз:

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2016 жылғы 21 маусымдағы № 014 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының босаған мандаты «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге берілсін.

2. Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.

3. Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.

Төраға                                                      Қ. Тұрғанқұлов                       
                                                          
Хатшы                                                      Б. Мелдешов 


Астана қаласы
2016 жылғы 21 маусым
№ 39/135


Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалған Роман Склярдың Мәжіліс депутаты ретінде өкілдігі мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.
нравится:    641
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии