26 Сентябрь
15:19
Астана: 7 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 341.27
EUR/KZT: 405.60
RUB/KZT: 5.96
CNY/KZT: 51.55
Экономика
11 желтоқсан 11:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ҚР Ұлттық банкі 6 жаңа монета шығарды (ФОТО)


Қазақстанның Ұлттық банкі күмістен жасалған ескерткіш 4 монетаны және нейзильбер қоспасынан жасалған 2 монетаны айналысқа шығарды.ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 2155  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  2015 жылғы 11 желтоқсанда «Қазақстанның Қызыл кітабы» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік, «рroоf» сапалы күмістен және номиналы 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Үстірт муфлоны» ескерткіш монеталарын; «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік, «рroоf» сапалы күмістен және номиналы 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Бата» ескерткіш монеталарын; «Монета-сыйлық» монеталар сериясынан номиналы 100 теңгелік, «рroоf» сапалы күмістен «Жаңа жылдарыңызбен» ескерткіш монеталарын және «Республика игілігі» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік, «рroоf» сапалы күмістен «Тазы» ескерткіш монеталарын айналысқа шығарады.

«Үстірт муфлоны» монеталарының сипаттамасы





Үстірт муфлоны - Азия муфлонының түр тармағы. Бұл ұзын сирақты, жабайы дала қошқары. Қазақстанды ең ірі түр тармағы - үстірт муфлоны мекендейді, ол республиканың батысындағы аттас үстіртте ғана емес, оның жартасты құздарын, сондай-ақ Маңғыстау түбегінің қыраттары мен ойпаттарын мекен етеді. Муфлон өте жылдам қозғалады, шөл даладағы мардымсыз өсімдіктермен қоректенеді, тұщы, сол сияқты ащы әрі тұзды суды ішеді.
Күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. «Рroof» сапалы күміс монеталардағы бейне жылтыр бетке салынған. 
Монеталардың бет жағында (аверсінде) Жердің барлық тұрғындарына деген қамқорлық қарым-қатынасты білдіретін Жер планетасының адамның аялы алақанындағы стильдендірілген бейнесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Сондай-ақ онда монеталардың номиналын білдіретін жазулар күміс монетада «500 ТЕҢГЕ», нейзильбер қоспасынан жасалған монетада «50 ТЕҢГЕ» орналасқан; монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g» деген жазу (күміс монетада) бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазулар бар. 
Монеталардың сырт жағында (реверсінде) жартасты таулардың аясында үстірт муфлоны бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҮСТІРТ МУФЛОНЫ», латын тілінде «OVIS ORIENTALIS ARCAL» - түрдің зоологиялық атауы және соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан бар. Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген, айналдыра шығыңқы жиек. Қыры (гурты) бедерлі.
Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы - «proof», таралымы - 3 мың дана; «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі - 31 мм, массасы - 11,17 грамм, таралымы - 100 мың дана.


«Бата» монеталарының сипаттамасы






 «Бата» (ауызша бата беру) - ұзақ сапарға аттанар алдында, өмір жолына тілейтін қасиетті рухани тілек, сыйлағаны, қонақжайлығы, игі қызметі үшін алғыс айту. Бұл поэтикалық шығармашылықтың ерекше түрі, бата берген кезде Алла тағаладан шапағат сұрайды. Батаны әдетте жасы үлкен, елге сыйлы ақсақалдар береді. «Бата» ескерткіш монеталары қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен ұлттық мәдениетін кеңірек түсінуге арналған серияны жалғастыратын күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың оныншы жұбы болып табылады. Күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. «Рroof» сапалы күміс монеталардағы бейне жылтыр бетке салынған. 
Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан күміс монетада «500», нейзильбер қоспасынан жасалған монетада «50» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөліктерінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар.
Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ұлттық әдет-ғұрып - батаның бір сәті бейнеленген. Монеталардың төменгі бөлігінде мемлекеттік тілде «БАТА» деген жазу, оң бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан бар. Сол жақ бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1 g» деген жазу (күміс монетада) бейнеленген.
Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген, айналдыра шығыңқы жиек. Қыры (гурты) бедерлі.
Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы - «proof», таралымы - 3 мың дана; нейзильбер қоспасынан жасалған, диаметрі - 31 мм, массасы - 11,17 грамм, таралымы - 100 мың дана.

«Жаңа жылдарыңызбен» монеталарының сипаттамасы


  
«Жаңа жылдарыңызбен» монетасы «Монета-сыйлық» монеталар сериясынан екінші монета болып табылады. Монета реверсіне тампографиялық таңбаны қолдана отырып дайындалған. Монетаның пішіні тік бұрышты.
Монеталардың бет жағында (аверсінде) сүргіш таңбасының қоршауындағы стильдендірілген гүл бейнеленген, оның үстінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Гүлдің ортасында Қазақстан Республикасының елтаңбасы орналасқан. Оң жағында өрнектелген розетка, екі жолға орналастырылған және монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазба, соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1 g» деген жазу бар. 
Монеталардың реверсінде қысқы қар ұшқындарының және мемлекеттік тілдегі «ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН!», орыс тіліндегі «С НОВЫМ ГОДОМ!» және ағылшын тіліндегі «HAPPY NEW YEAR!» жазбаларының аясында түрлі-түсті шырша шарлары түріндегі композиция бейнеленген. Монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыңқы жиек. Қыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.
Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1 грамм, тік бұрышы 45х30 мм, дайындау сапасы - «proof», таралымы - 4 мың дана.


«Тазы» монеталарының сипаттамасы

                                  
Тазы - аңға шығатын асыл тұқымды ит. Әдеттегі түсі - ашық сары, арқалығы және құлақ ұшы қара қылшықты, алайда басқа түстері де кездеседі. Тазылар шапшаң әрі ұзақ жүгіруге қабілетті. Тазылар аңға өз бетінше, сол сияқты аң аулауға бейім құстармен бірге шыға алады - осы қасиеті үшін де бағаланады. Тазыны негізінен түлкі, қоян және қасқыр аулауға салады. Оның шығу тегі ерте заманнан бері бастау алады. Сыртқы түрі бойынша тазы салюка тұқымына (парсы иті, байырғы тұқымдардың бірі) ұқсас. Монетаның пішіні тік бұрышты. Монеталардың бет жағында (аверсінде) ою-өрнек аясында «500 ТЕҢГЕ» номиналы және мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тіліндегі «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазудың қоршауында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналастырылған. Монетаның сырт жағында (реверсінде) тау аясында тазы тұқымдас үш иттің алтындатылған бейнесі орналасқан. Монетаның жоғары бөлігінде «ТАЗЫ» деген жазу, төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31.1 g» деген жазу бар.  Монетаның бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Монетаны айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Қыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ. Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1 грамм, тік бұрышы 45х30 мм, дайындау сапасы - «proof», таралымы - 4 мың дана.
Номиналы 500 теңгелік, 100 теңгелік және 50 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Монеталар үстіне алтын жалату технологиясын қолдана отырып дайындалды. Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған. Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы  25 қыркүйектегі №1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі - ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.
«Proof» сапасымен жасалған монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың алты мың данасы жақсартылған сапамен дайындалған және сату үшін арнайы пластикалық термовакуумды орауға салынған.
Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, ал «proof» сапалы күмістен жасалған монеталарды ҚРҰБ-ның www.nationalbank.kz  сайтының «Ұлттық валюта» парақшасындағы интернет - дүкен арқылы сатып алуға болады.


Дереккөзі: Қазақпарат ААҚ
нравится:    976
Теги: Қаржы және экономика, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии