17 Декабрь
16:06
Астана: -10 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
15 шілде 15:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ҚР Ұлттық банкі теңгенің долларға шаққандағы дәлізін 198 теңгеге дейін кеңейтті
  

Р Ұлттық банкі теңгенің долларға шаққандағы дәлізін 1 доллар үшін 198 теңгеге дейін кеңейтті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық Банк 2015 жылы ортамерзімді перспективада инфляциялық таргеттеуге кезең-кезеңімен ойдағыдай өтуді қамтамасыз ету үшін ақша-кредит саясаты құралдарының тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға кірісті.
Айырбастау бағамының инфляция және ел экономикасы үшін едәуір маңызын ескере отырып, қазіргі уақытта Ұлттық Банктің валюталық саясаты валюталық дәліз режіміне негізделген, ол бағамның күрт ауытқуларына жол бермей, белгіленген валюталық дәліз шегінде оның деңгейін өзгертуге мүмкіндік береді.

Валюталық дәліз режімінің дамушы елдердің валюталық бағамдарының және мұнайдың әлемдік бағасының жоғары құбылмалылығы мен белгісіздігі кезеңінде еліміздің ұлттық валютасының және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барынша оңтайлы және прагматикалық болғанын практика көрсетіп отыр. Олар 2014 жылғы екінші жартыжылдықта айрықша көрініс тауып, Қазақстан экономикасындағы девальвациялық күтулерді қалыптастыруға себеп болды.

Сыртқы экономикалық ахуалдың жақсаруы, мұнайдың әлемдік бағалары құбылмалылығының төмендеуі, дамушы елдердің валюталық бағамдарының салыстырмалы түрде алғанда тұрақтануы Ұлттық Банкке өткен жылдың соңында теңгенің күрт ауытқуларына жол бермей, белгіленген валюталық дәліз шегінде теңгенің айырбастау бағамының барынша икемді әрі қалыпты өзгеруіне өтуіне мүмкіндік берді.

Барынша икемді әрі қалыпты бағам белгілеу саясатын іске асыру шеңберінде теңгенің АҚШ долларына қатысты номиналдық айырбастау бағамы өткен жылғы желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін 3,4 %-ға ұлғайды.

Инфляциялық үдерістер айтарлықтай баяулады. Сонымен бірге, а.ж. маусымда тұтыну бағалары 0,1 %-ға төмендеді. Тұтастай алғанда, инфляция деңгейі жылдық көрсетуде 3,9%-ға дейін төмендеді.

2015 жылғы мамырда 2015 жылғы қаңтармен салыстырғанда теңгенің Ресей рубліне және АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамдары нақты көрсетуде тиісінше 26%-ға және 2,1%-ға төмендеді. Тұтастай алғанда, теңгенің нақты тиімді айырбастау бағамы осы кезеңде 5,1%-ға төмендеді.
Валюталық дәліз шеңберінде барынша икемді әрі қалыпты бағам белгілеу саясатының ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта ұлттық экономиканың сыртқы бәсекеге қабілеттілігін жақсартуына және белгілі бір беріктік қорын қамтамасыз етуіне байланысты, Ұлттық Банк 2015 жылғы екінші жартыжылдықта да осындай саясатты іске асыруды жалғастыруға ниеттеніп отыр.

Ортамерзімді перспективада инфляциялық таргеттеуге өту шеңберінде барынша икемді әрі қалыпты бағам белгілеу саясатын жалғастыру мақсатында және теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының іс жүзінде валюталық дәліздің жоғарғы шегіне жету фактісін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының ауытқу дәлізін ағымдағы 185+3/-15 теңгеден 185+13/-15 теңгеге дейін кеңейту туралы шешім қабылдады.

Ұлттық Банк 2015 жылғы бірінші жартыжылдықта жүзеге асырған және одан әрі де жүзеге асыруға ниетті неғұрлым икемді әрі қалыпты бағам белгілеу саясаты экономикадағы девальвациялық күтулердің жинақталу тәуекелін айтарлықтай төмендетуге, ішкі валюта нарығында теңгенің айырбастау бағамына қысымның қалыптасуына жол бермеуге және сол арқылы 2009 және 2014 жылдары болғандай мәжбүрлі бірсәттік күрт түзетуді жүргізу қажеттілігінен құтылуға мүмкіндік береді.

Ұлттық Банк айырбастау бағамының еркін өзгермелі режіміне 2017 жылдан бұрын көшуді жоспарлап отыр.

Ұлттық Банк қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және айырбастау бағамының күрт ауытқуын және қысқамерзімді құбылмалылығын реттеу үшін жүзеге асырылатын валюталық интервенцияларды жүргізу жолымен ішкі валюта нарығына қатысуды жалғастыратын болады.

Сонымен қатар теңгенің айырбастау бағамының ұзақмерзімді үрдісі іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторлар ескеріле отырып қалыптастырылатын болады. Бұл айырбастау бағамының әлсіреу жағына қарай да, нығаюы жағына қарай да өзгеретінін білдіреді, мұны әлемдік экономикадағы және ішкі валюта нарығындағы ахуал айқындайтын болады.

Валюталық дәлізді Ұлттық Банк жүзеге асырып жатқан барынша икемді әрі қалыпты бағам белгілеу саясатының шеңберінде кеңейту ұлттық экономиканың сыртқы бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру және кредиттік белсенділігін ұлғайту үшін алғышарттар жасайды, бұл, өз кезегінде, экономикалық өсудің жақсаруына және елде еңбекпен қамтудың жақсаруына жәрдемдесетін болады.

Дереккөзі: kazinform.kz

 
нравится:    596
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии