|    |  
16 қазан 2019
17:15
қаз
Кремльден Путинді «қуып шықпақ» болған бақсы ұсталды
20 қыркүйек 2019, 12:40 105
Бурятияда якутиялық бақсы Александр Габышев ұсталды. Ол Мәскеуге Кремльден Путинді «қуып шығуға» бара жатқан.
Құқық қорғаушылар оны Улан-Удэдегі уақытша ұстау изоляторына қамаған. Кейін ол Якутскіге жеткізіліуі мүмкін. Арнайы қызмет қызметкерлері бақсыны жақтастарымен бірге лагерьде жатқан жерінен ұстап, алып кеткен. Оны ұстауға қырыққа жуық адам келген.

 
 
Айта кетейік, Якутиялық бақсы Александр Габышев жарты жыл бойы қиыр шығыс тас жолының бойымен Мәскеуге жол жүріп келе жатыр. Ол Ресей президентін қара күштерді тудырушы деп санайды. Ол өзімен бірге жолға арба мен жиналмалы киіз үй, пеш алған. Ол Мәскеуде Путинді тақтан тайдырғысы келетінін айтқан. 2019 жылдың шілдесінде Читада 700 адамды минтингіге жинаған.      
      
Дереккөз: Настоящее время


Жаңалықтар