21 Апрель
23:23
Астана: 15 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 326.17
EUR/KZT: 401.25
RUB/KZT: 5.31
CNY/KZT: 51.84
Экономика
19 желтоқсан 13:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Криптовалюта: Биткоин «өлім мұнарасына» тең



Биткоин инвесторлар үшін «өлім мұнарасы» болып табылады, ал оның шарасыз коллапсы термоядролық жарылысқа тең салдарға алып келеді. Patriarch Equity инвестициялық қорының бас директоры Эрик Шиффер осындай болжам жасады, деп хабарлайды The Daily Express. Оның айтуы бойынша, фьючерстік нарыққа шығу ондағы инвесторлардың қалыптасқан проблемаларын ушықтырып жібереді.

«Қазір біз көлемі бойынша «қызғалдақ дүрлікпесінен» асып түсетін қаржылық көпіршікті көріп отырмыз», — дейді ол. Шиффер криптовалюта ХХІ ғасырдың қаржы нарығын үшін үлкен қауіп төндіріп отырғанын мәлімдеді.

Шиффердің айтуы бойынша, адамдар биткоиндарды басқа өтімділік нысанына ауыстыруға тырысқан кезде қатты сасатын болады.

1 желтоқсаннан бастап АҚШ Тауарларды фьючерспен сату жөніндегі комиссиясы фьючерстерді биткоинмен саудалауға ресми түрде рұқсат берді. Чикаго опциондар биржасы (Chicago Board Options Exchange, CBOE) сауданы 18 желтоқсаннан бастап іске қосты. 18 желтоқсанда Чикаго тауар биржасында да (CME) сауда іске қосылды.

17 желтоқсанда биткоинның бағасы кезекті рекорд жаңартып, 20 мың доллардан асып жығылды. Жыл басынан бері аталмыш криптовалютаның құны 20 еседен астам көтерілді.

Биткоин — есептегіш құрылғының көмегімен тізбекте жаңа блоктар құра отырып, жүйенің кез келген қатысушысы айналысқа ақша шығара алатын криптовалюта.
 

Дереккөзі: http://lenta.ru
нравится:    119
Теги: Қаржы және экономика, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии