21 Август
12:26
Астана: 23 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Спорт
17 қараша 15:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Криштиано Роналду : биыл «Алтын допты» Месси алады

Криштиано Роналду мен Лионель Месси –  «Алтын допты» соңғы 7 жыл бойы кезектесіп иеленіп келе жатқан әлемнің ең мықты футболшылары. Биыл да аталмыш футбол марапатына негізгі үміткер  – осы екеуі.

Джонатан Росстың (The Jonathan Ross) ток-шоуында өзімен аттас фильмді туралы пікір білдіруге келген Роналду: – Шындығына келгенде, биыл жүлдені Месси жеңетін сияқты, өйткені мұндай жүлделердің тағдыры дауыс беруге байланысты, – деп айтты. – Өйткені ол осы жылы Барселона сапында өте сәтті өнер көрсетті, Чемпиондар Лигасы мен Ла Лиганы жеңді.

Роналду аталған жүлдені осыған дейін үш рет жеңіп алған болатын: 2008, 2013 және 2014 жылдары. 2009, 2010, 2011 және 2012 жылдары «Алтын допқа» Месси иелік етті.

Криштиано Роналду:

«Мен өзімнің карьерамдағы ең мықты маусымды өткіздім және бұл өте жақсы. Мен Еуропа бойынша ең көп гол соқтым, бірақ бәрі дауыс беруге байланысты, бұл өте қиын. Шынымды айтсам, мен бұл үшін қатты алаңдамаймын, осыған дейін айтқандай, мен бұл жүлдені 3 рет жеңемін деп ешқашан ойламаппын».

Сондай-ақ, Роналду әлі де жас екенін және «Алтын допты» тағы жеңіп алатынын, 30 жасқа толуына қарамастан әлі 7 жылдай ойнайтынын айтты. 

Дереккөзі: el.kz
нравится:    654
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии