26 Май
18:18
Астана: 30 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 327.42
EUR/KZT: 383.51
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.26
Мәдениет
6 мамыр 11:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

КТА ойыншысы Мереке «кішкентай баланың басын айналдырып алды» дегендерге жауап берді
КТА ойыншысы Мереке Бауыржанқызы жақында тұрмысқа шыққалы жатыр. Алайда оның таңдауы көпшіліктің сынына ұшырады. Себебі көңіл жарыстырған жігітің өзінен бірнеше жас кіші. Бұл орайда Мереке «кішкентай баланың басын айналдырып алды» дегендерге жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.



Мерекенің сөзінше, жігітінің жасы кіші болса да, сөзін тыңдатып, өзін сыйлата біледі.

«Өмір қызық… Біреулердің ойымен кішкентай бала – шын мәнінде, сүйеніш болар тау.
Біреулердің ойынша, қолынан түк келмейтін нәзік бала. Ал негізінде ештеңеге ерінбейтін еңбекқор адам. Біреулер ойлайды ол – сенімсіз адам. Ал шын мәнінде, ешқашан сенімнен шығатындай тірлік жасамаған. Олай болса, жылтыңдаған, көрсеқызар, (кейбір жігіттер) кез-келген сұлуға жалтаңдап, әр қыздың етегінен кететін үлкен жігіттен, жанашыр, өзімді бағалайтын, ата-анамды сыйлап, жағдайымды жасап, ең маңыздысы, өзінің сөзін тыңдатып, сыйлата білетін кішкентай жігітті таңдадым.

«Кішкентай баланың басын айналдырып» дегендерді оқыдым пікірлерден. Қыз сүйсе қалады, жігіт сүйсе алады деген мақал бар. Егер мен ғана сүйсем, ол мені алмас еді.
Демек Алла қалады, біз Әрсенмен қосылғалы жатырмыз», – деп жазды Мереке Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, Мереке қуанышты хабарымен де бөлісті. Айтуынша, ол жақында тұрмысқа шыққалы жатыр. Тіпті, қыз ұзату тойының өтетін күні белгіленіп қойыпты. Ұзату тойының 8 мамырда Шымкент қаласында өтетіні белгілі болды.

 

Қыз деген тойына "көп адам шақырмайды" деді біреулер... Мен ешқашан біреудің ойымен,айтқанымен өмір сүрмедім. АЛЛА РАЗЫЛЫҒЫ үшін арласып жақсы көретін, СЫЙЛАСАТЫН ДОСТАРЫМ көп болса, қалай шақырмаймын?) Сол сияқты мені де ҚҰРМЕТТЕП шынайы ЖАҚСЫ КӨРЕТІНДЕР 08.05.2018 Шымкент қ., ГАУХАР САРАЙ салтанат сарайында кешкі 20.00-ҚАДІРЛІ ҚОНАҒЫМ боларына сенімдімін. Санаулы күндерден соң көп дүниелер өзгереді Алла қаласа. ❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️???????????????????????????????? #текқанақыздар #Аллағашүкір #мерекеұзату Фото бай: @dauren_abdildinov #Makeup&hair by @merekusha_make.up Dress @maksotovas -тан❤️❤️❤️????????????????

Публикация от Мереке Бауыржанқызы! (@merekusha)




нравится:    285
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии