24 Июнь
22:22
Астана: 20 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 340.27
EUR/KZT: 396.31
RUB/KZT: 5.39
CNY/KZT: 52.39
Спорт
3 ақпан 17:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қуат Хамитов: Болашақ жарымның тек ұл туғанын қалаймын
Аралас жекпе-жектің арланы, еліміздің намысын қорғап жүрген, Найман лақап атымен танымал Қуат Хамитов The Эфир бағдарламасына сұхбат беріп, спортқа қалай келгені жайлы, отбасы, болашақ жары туралы айтты.


 
«Спортқа кездейсоқ келген жоқпын. Әкем спортшы болған, бокспен айналысқан. Бала кезімде көрші үйде түрлі-түсті теледидар болатын. Сол кездері таңғы бесте оятып алып, көршінің үйіне апарып, Майк Тайсондардың жекпе-жектерін көрсететін. Ол кезде бестемін. Әкемнің тізесінде жатып ұйықтап қала беретінмін. Ұлым чемпион болады деген әкемнің арманы болса керек, бес жасымнан бастап акробатикаға, гимнастикаға үйрете бастады. Батырлар туралы ертегі айтатын. Сегізінші сыныпқа дейін өте бұзық болдым. Каратэеге қатысатынмын. Сол каратэде үйренгенімізді көшедегі балаларға көрсететінбіз. Сөйтіп жүргенде менің кесірімнен бір баланың көзіне зақым келіп, көру қабілеті нашарлады. Содан кейін мен каратэні тастап, күреске ауыстым. Өз-өзімді тәрбиелей бастадым. Көшедегілерді ұрмайтын болдым. Отбасымызда бесеуміз. Екі әпкем, бір қарындасым, бір бауырым бар. Анам Қостанайдікі. Спортшы болған, волейбол ойнаған. Анам әкемнен он жас кіші»-деген спортшы болашақ жары туралы да айтты.
 
Орда бұзар жасқа жеткен спортшы, болашақ жарым қазақтың қарапайым қызы болса дейді.
 
«Болашақ жарым міндетті түрде қазақтың қызы болады. Бойы ұзын, 170-175 метр болса деймін. Өйткені балаларымның да бойшаң болғанын қалаймын. Кейін оларды да мен спортқа баулимын. Әйелім егіз туып берсе деген арманым бар. Және болашақ жарымның тек ұлдар туғанын қалаймын. Өйткені қызың болса оны уайымдайсың. Жақсы үйге тұрмысқа шыға ма соны уайымдайсың. Тұрмысқа шыққаннан кейін оны біреу ренжіте ме деп алаңдайсың. Сондықтан тек ұлдар болғанын қалаймын. Төрт ұлым болса, одан артық арманым жоқ»-дейді Қуат {амитов.
 
Дереккөз: Reactor
нравится:    2034
Теги: Біздің мақтанышымыз, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:

Комментарии