21 Август
16:06
Астана: 26 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Спорт
15 маусым 11:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Кубаның үздік боксшылары Астанада
Кубалық «қабыландар» Бүкіләлемдік бокс сериясында «Astana Arlans»-пен күш сынасу мақсаттарында Астанаға келді.



Кубалықтар қазақ жерінде өтетін байрақты бәсекеге ең мықты деген былғары қолғап шеберлерін алып келіп отыр екен.



Осы жерде айта кету керек, Куба боксшылары Олимпиада ойындарының тарихында ең көп медаль алған екінші мемлекет (АҚШ-тан кейін). 1896 жылдан бері ұйымдастырырылып келе жатқан олимпиялық ойындарда кубалықтар 34 алтын, 19 күміс, 14 қола медаль жеңіп алды. Барлығы – 67 медаль. 1992 жылы Барселонада өткен Олимпиада ойындарында Кубаның 9 боксшысы финалға шығып, соның 7-еуі бас жүлдеге ие болды.

 Олимпиада ойындарында үш дүркін чемпион атанған үш боксшы болса, соның екеуі Куба елінің өкілі. Атап айтсақ, Теофило Стивенсон мен Феликс Савон төрт жылда бір келетін додада үш мәрте топ жарды. Т.Стивенсон 1972, 1976 және 1980 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанса, Феликс Савон 1992, 1996, 2000 жылғы Олимпиадада жеңімпаз болды.

sports.kz



 
нравится:    997
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии