|    |  
18 қараша 2018
21:27
қаз
Күкірт қышқылынан беті күйіп қалған модель Нью-Йорктегі сән апталығына шықты
10 қыркүйек, 12:06 1896

Беті күкірт қышқылына күйіп қалған үндістандық модель Нью-Йоркте өткен FTL Moda сән апталығын ашып берді.

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

19 жастағы Решма Кереши өзінің отандасы дизайнер Арчана Кочхар жасаған киімдерді таныстырды.

“Бұл арманға қол жеткізе алмайтын шығармын деп ойлайтынмын. Мен секілді қыздар көп және осы арқылы мен сол қыздарды қуантқым келеді”, – деді ол.

Ол осындай жағдайға екі жыл бұрын душар болған. Негізгі шабуыл оның әпкесі Керешиге жасалып, ол соның кесірінен қайтыс болған. Әпкесін қорғамақ болған кезде бетіне шашылған қышқылдан зардап шеккен.

Қазіргі таңда үнді қызы Make Love Not Scars құқық қорғау ұйымымен серіктес болып қызмет етуде. Бұған дейін FTL Moda сән көрсетілімінде мүгедектер арбасында отырған және жасанды аяқтағы қыздар шыққан еді.
Жаңалықтар