|    |  
22 ақпан 2020
04:39
қаз
Құлағындағы мақтамен он жыл бойы жүрген
29 тамыз 2018, 16:09 44



Британияның Лестершир графтығында ауруханаға құлақ тазалайтын таяқшаның басындағы мақта бірнеше жыл бойы құлағында қалып қойған азамат шағымданған, деп хабарлайды Daily Mirror басылымы.

Отоларинголог Нил Райтаттың мәлімдеуінше, пациент құлағында мақта осыдан он жыл бұрын қалып қойғанын мойындаған. Ұзақ уақыт бойы ол мақта өздігінен түсіп қалды деп ойлап жүрген, алайда соңғы уақытта оның есту қабілеті нашарлап, құлағы шаншып ауыра бастаған.

Тексеру барысында Райтат пациенттің құлағының есту жолында мақта тұрып қалғанын анықтап, арнайы құралдардың көмегімен оны алып шыққан. 

Отоларинголог өзіне есту жолында әртүрлі заттар (балауыз, сырға, қаламсап қақпағы және т.б.) тұрып қалған пациенттер ішінара болса да келіп шағымданатынын айтты.

Дереккөзі: lenta.ru


 


Жаңалықтар