17 Декабрь
15:59
Астана: -10 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Кербез
27 қаңтар 16:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Күлімсіреу – табысқа жетудің жолы
Күлімсіреп жүретін адам табысты болады деген түсінік еуропалық мәдениетте бұрыннан қалыптасқан. Оны Голливудтың алтын ғасыры нығайтты – американдық фильмдердегі жағымды кейіпкерлердің барлығы жарқылдап күледі. Актерлардан кейін осы мәнерді саясаткерлер, қоғамдық қайраткерлер және бизнесмендер үйреніп алды. Ал бүгінде күлімдеу мінездің ашықтығы мен өзіне сенімділігін сөзсіз көрсетудің басты құралына айналды.

Күлімдеу – табысқа жетудің жолы


Бақытты немесе қуанышты, мейірімді немесе жайдары, ұяң немесе еріксіз еліктіретін, шоғал күлімдеудің қайсысы болса да әрдайым адамдардың назарын тартып, көңілін аударып алады. Бірақ мұнымен қоса күлімдеудің бизнесте де, жеке өмірде де табысқа жетуге көмектесетін қасиеті бар.

Психологтар күлімсіреген адам тек ашық, икемді және оң ниетті адам ретінде емес, сонымен қатар кәсіпқой, адал, білікті және тәжірибелі адам ретінде қабылданады дейді. Таңданарлық нәрсе, бірақ осындай қорытындыға адам бірнеше секундтың ішінде келеді, ал әлдекім туралы алғашқы пікірің айналадағылардың санасында ұзақ уақытқа бекітіліп қалады.

Табысқа жетуге ұмтылатындар үшін тренинг өткізетін мамандар клиенттеріне «шапшыған күлімдеу» деп аталатын әсерлі тәсілді үйретеді. Анығырақ айтқанда, алдымен сұхбаттасыңыздың бетіне бірнеше секунд бойы көзіңізді қадап қарайсыз да, содан кейін асықпай кең күлімсірейсіз. Осы сәтте күлімсірегеніңізден жүзіңіз жарқырап, сұхбаттасыңыздың: бұл күлімдеу маған арналған деп ойлайтыны анық.

Дегенмен күлімдеу тек өзгелерге әсер ету үшін ғана қолданылмайды. Оның көмегімен өзіңізге өзіңіз беретін бағаңызды жоғарылатуыңызға болады. Позитивті психология саласындағы сарапшылар мына жаттығуды жасауды ұсынады: күн сайын айнадағы өз бейнеңізге қарап күлімсіреп тұрыңыз. Алдымен лездік күлімдеуден бастаңыз да, сөйтіп бұл үрдісті бірнеше минутқа дейін жеткізіңіз. Жаттығудың мәні бойынша, біздің ағзамыз жағымды оқиғаларға орай әрекет ете отырып тікелей байланысты ғана емес, кері байланысты да қалыптастырады. Күлімсіреген кезде біздің миымызға біздің бақытты екендігіміз туралы белгі келіп жетеді. Сондықтан көңіл-күйіміз көтеріліп, онымен бірге өз күшімізге деген сеніміміз нығая түседі.

Үнемі сұсты кейіпте жүретін адамдар кейде бұны күлімдеудің оларға «жараспайтындығымен» түсіндіреді. Біреулер бұны шалағайлық немесе балалық деп түсінсе, басқалары күлімдеуді аңқаулықтың немесе жеңілтектіктің белгісі деп қабылдайды. Шын мәнінде, күлімдеу кез келген адамды өзгерте алады – сіз тек өзіңізге қалай күлімсірегеннің жарасатынын түсінуіңіз керек: білінер-білінбес күлімдеу, кең және ашық күлімдеу немесе «отыз екі тісінің бәрі көрініп» күлімдеу. Соңғы күлімдеу туралы тіс дәрігерлері көбірек біледі: олар тіс сияқты күшті қатынасу құралы жүз пайызға жұмыс істеу үшін оған қандай күтім жасау керектігін біледі.Сапалы тіс пастасы және дұрыс таңдап алынған щетка сізге ауыс қуысы проблемаларын болдырмауға көмектеседі. Тереңірек тазалауды және қосымша функцияларды қажет ететіндерге дәрігерлер ағарту және уқалау режимдерімен жабдықталған электрлі тіс щеткаларын пайдалануды ұсынады.

Дереккөзі: kz.everydayme.com
нравится:    996
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии