23 Август
12:22
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
26 мамыр 09:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Күн мен жел қуатынан өзін жылумен қамтамасыз ететін үй жасалды
Ecocapsule аталатын шағын үй күн мен жел қуаты есебінен өз-өзін жылу және электр жарығымен қамтамасыз етеді.



Ұзындығы 4 жарым, ал ені 2 жарым метрлік баспананың жобасын Словакия сәулетшілері жасап шығарды.
Биіктігі 2,5 метр болатын бұл үйдің жалпы ауданы небәрі 8 шаршы метрді құрайды, деп жазады Crazy Engineers.



Жоба авторлары үй өте ықшам пішінді болса да, оның мүмкіндіктері мол екендігін айтты. Себебі оның ішінде жиналмалы төсек, асүй, асхана, душ, әжетхана және тіпті зат салатын қосымша бөлік те бар екен. Баспана 2 адамның тұруына арналған. Ал оның төбесіне орнатылған күн панельдері 600 Вт, үй алдындағы жел турбинасы 750 Вт электр қуатын өндіреді.

Сондай-ақ үйдің арнайы бөлігі жаңбыр суын жинақтап, оны баспананың астындағы контейнерде сақтайды екен. «Еурокапсула» келер жылдың басында саудаға шығарылады, деп жазады prian.ru. 

Дереккөзі: 24kz
нравится:    835
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии