19 Октябрь
16:41
Астана: 4 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Кербез
19 қазан 12:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Күнде қолданып жүрген кремдеріңіз туралы не білесіз?

 
Күн суытқанда қол терісіне ерекше күтім қажет. Күні бүгін қолға жағатын кремдердің неше түрі бар. Әдетте біз олардың қайсын қай мезгілде қолдану керектігін біле бермейміз. Сол себепті сіздерге біршама мәлімет беруді ұйғардық.
 

Қолға крем таңдау критерийлері
 
Кремді сатып алмас бұрын оның функциясын анықтап алу қажет. Теріні ылғалдандыра ма, жұмсарта ма әлде қорғай ма?
 
Ылғалдандыратын крем қол терісін құрғап кетуден сақтайды. Сол себепті де оның құрамында су көп. Жеңіл жағылып, жылдам сіңеді.
 
Қорғайтын крем қол терісін қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен (суық, жел, су) қорғап тұрады. Негізінен бұл кремдер қою болады.
 
Нәрлендіретін кремнің құрамында минералдар мен дәрумендер мөлшері көп. Құрғақ теріні жылдам қалпына келтіреді. Бұл кремдерді салқын мезгілдерде жиі қолданған дұрыс.
 
Қолға арналған кремдердің құрамында келесі компоненттер міндетті түрде болуы тиіс:
 
- глицерин (терідегі ылғалды сақтап тұрады);
- парафин (теріні жұмсартады);
- ланолин (теріні нәрлендіреді);
- пантенол (теріні қалпына келтіреді);
- табиғи майлар мен дәрумендер (қолға сергектік пен сұлулық береді).
 
Қолға арналған ең жақсы кремдер
 
Қолға арналған  "Роскошь Макадамии" кремі, «Бархатные ручки».



Құрамында макадамия майы болғандықтан, бұл крем теріні ылғалдандырып қана қоймайды, нәрлендіреді, қалпына келтіреді. Сұйық әрі жылдам сіңеді.
 
 
Қолға арналған иіссіз "Норвежская формула" кремі, Neutrogena


 
Қоршаған ортаның жел, су сияқты жағымсыз факторларынан қорғайтын сапалы крем. Иіске сезімтал адамдарға таптырмас дүние.
 
 
Құрғақ қол терісіне арналған «ЯКА» кремі


 
Құрамында өсімдік майлары көп болғандықтан қол терісін жылдам қалпына келтіріп, нәрлендіріп, жұмсартады. Түнде жағып жатсаңыз, таңертең айтарлықтай нәтижесін көресіз.
 
 
Жақсы ылғалдандыратын «Nivea» кремі


 
Күні бүгін кең таралған, көп қолданылатын кремдердің бірі. Құрамында ши, алоэ майы болғандықтан теріге ерекше нәр береді.
 
  
Қол терісін қорғайтын, қалпына келтіретін «La Roche Posay Cicaplast Mains» кремі


 
Бұл крем сезімтал теріге арналған. Кремді алғаш қолданғанда құрғақтығы азайып, бір аптадан кейін толықтай қалпына келеді. Крем құрамындағы ниацинамид тері қабатының тітіркену деңгейін төмендетеді.
 
Ең жақсы деген кремдер туралы мәлімет бердік. Теріңіздің ерекшелігіне қарай күтім жасаңыз!
 
Дереккөз: hochu.ua
нравится:    934
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии