|    |  
18 қараша 2018
19:16
қаз
Күнделікті қажетті заттарды алмай-ақ саяхаттаудың жолы табылды
23 тамыз, 13:46 50
Барлық қажетті заттарды мобильдік қосымша арқылы жергілікті тұрғындардан уақытша ала тұруға болады.





Жапондық кәсіпкер Шимпеи Ватанабе саяхатшыларға арнап құрған Locarry деп аталатын қауымдастықтың арқасында енді ешқандай жүк алмай, саяхатқа шығу мүмкіндігі туды. Себебі, қауымдастыққа мүше болған жергілікті тұрғындардан барлық қажетті заттарды уақытша пайдалануға болады. Lonely Planet-тің хабарлауынша, бұл идея Ватанабеге сапар барысында кездейсоқ келген. «Бұл идея маған Қытайға сапарлау кезінде келді. Мен өзіммен бірге қажетті заттар мен киім-кешек салынған үлкен чемоданды сүйретіп жүруіме тура келді. Мұны көрген менің достарым маған бұлай қиналмауды, қажетті заттарды өздері-ақ пайдалануға бере тұратынын айтты», - дейді ол.
 
Ватанабе қажетті заттарды «қолдан-қолға» нұсқасымен жалға немесе сатып алуға болатын қосымшалар мен сайттарды мұқият зерттеп шығып, нәтижесінде Locarry қосымшасын әзірлеп шығарды. Мұнда саяхатшыға қажетті киім-кешектерді, сүлгі-орамалдарды, спорт тауарларын, дүрбі және күрке (палатка) секілді нәрселерді уақытша пайдалану үшін ала тұруға болады. Жергілікті тұрғындар саяхатшыларға уақытша бере тұратын заттарының сипаттамасы мен фотоларын жариялайды. Осы заттарды пайдалануға ниет еткен саяхатшылар өздері таңдаған заттарға өтініш жолдап, келген кезде алып пайдалана тұрады да, саяхат соңында иесіне қайтарып береді.
 
Сервис әзірше Жапония, АҚШ, Канада, Сингапур, Вьетнам, Таиланд, Гонконг және Тайванда ғана қолжетімді.


Дереккөзі: www.moya-planeta.ru
Жаңалықтар