16 Декабрь
20:51
Астана: -19 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Кербез
20 қараша 09:58
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Күніне 2 жұмыртқа жесеңіз ағзаңызда жүретін өзгерістер
Жұмыртқаның пайдасы қасиеттері

 
 
Миыңыз қорғаныста


 
Мидағы жасушалардың қалыпты байланысын қамтамасыз ететін фосполипидтер холиннен тұрады. Дәл осы материал мидың құрылыс материалы болып табылады. Күніне 2 жұмыртқа жесеңіз ағзаға осы дәруменнің қажетті мөлшері түсіп тұрады. Холиннің жетіспеушілігі есте сақтау қабілетін төмендетеді.

 
Көр қабілетіңіз жақсы сақталады.


 
Жаңа зерттеулер жұмыртқада лютеин мөлшері көп екенін көрсетті. Бұл зат көздің көру қабілетіне, көз жанарына жауап береді. Бұл зат жетіспесе көз тіндері бұзылып, көру қабілеті нашарлайды.

 
D дәрумені кальцийдің сіңуіне көмектеседі


 
Жұмыртқадағы  D дәрумені кальцийдің жақсы сіңуіне, тіс сүйегінің нығаюына сеп болады.

 
B дәрумендері тері мен шашты, бауырды қорғайды


 
Биотин, В12 дәрумені, сондай-ақ ақуыз шаш пен теріні жақсартады. Фосполипидтер бауырдан уытты заттарды шығаруға  ықпал етеді.  
 

Жүрек – қан-тамыр ауруларының қатері азаяды


 
Жаңа зерттеулер жұмыртқада холестерин мен фосфатидтердің бірдей екенін көрсетті. Сондықтан ол адам ағзасына зиян емес. Сондай-ақ жұмыртқада омега-3 қышқылдары бар. Ол триглицеридті төмендетеді. Бұл жүрек – қан-тамыр ауруларының қатерін төмендетеді.

 
Бірте-бірте арықтайсыз


 
Америка ғалымдары колориясы төмен тағамдармен жұмыртқаны қосқанда арықтау процесі тез жүретінін дәлелдеді. Әсіресе оны таңғы асқа жеген дұрыс.

 
Онкологиялық аурулар қатері төмендейді


 
Миға қажетті холин онкологиялық аурулар қатерін төмендетеді.  Зерттеулер жас кезінде күнделікті жұмыртқа жеген әйелдерде сүт безі қатерлі ісігінің қаупі 18 % төмендегенін көрсетті.

 
Бала тууды жоспарлағанда пайдалы


   
В дәрумендер тобы жыныстық гормондардықалыптастырады. В9 дәруменінің бір аты – фолий қышқылы. Ол баланың ақыл есінің дамуына көмектеседі. Сол себепті В9 дәрумені әйелдерге жүктілік кезінде қажет.
 
 
Қартаю процесі баяулайды


 
Бұған Нидерланды ғалымдарының зерттеуі дәлел. 35-40 жас аралығындағы әйелдердің 87 %-да  пигменттік дақтар кетіп, терілері тартылған, ал ерлерде көз маңайындағы әжімдер азайған.
 
 
Дереккөз: http://www.adme.ru
нравится:    753
Теги: Аруларға кеңес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии