20 Август
06:07
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
30 маусым 16:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Күніне 3 құрма жеудің пайдасы

Бірқатар халықтар үшін құрма қасиетті тағам болып саналады. Бұл жемістің екі-үш данасының өзі ағзаға өте пайдалы. Күніне 3 құрма жеп қана ағзаны қажетті микроэлементтермен қамтамасыз етуге болады.

Дәрігерлер тіпті тәтті әрі зиянды кәмпиттерді құрмамен алмастыруға кеңес береді.

Сонымен, құрма несімен пайдалы?

Қалыпты жүрек жұмысы

Құрма құрамында калий мөлшері өте көп. Ол жүректің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ ыдыстарды тазалауға көмектеседі. Бұл өз кезегінде жүрек аурулары мен талмасының алдын алады.

Сау бауыр

Құрмалар бауырды токсиндерден тазалауға көмектеседі. Сондай-ақ цирроздың пайда болу қатерін төмендетеді. Бауыр фиброзы симптомдарын жеңілдетеді.

Көру қабілеті жақсарады

Құрмалар көз жанарының көру қабілетін жақсартуға қабілетті (тіпті сәбізден де пайдалы). Себебі құрамында А дәруменінің мөлшері көп.

Сергектік

Егер өзіңізді сергек әрі қуатты сезінгіңіз келсе құрма жеп тұрыңыз. Бар болғаны 3 құрма жесеңіз бір күнге жетерлік энергия аласыз.

Ас қорыту

Құрма — бұл асқазан функциясы бұзылған кезде ас қорытуға таптырмас өнім. Оны асқазан-ішек жолының аурулары, тіпті асқазан обасының (рак) профилактикасы үшін пайдалану қажет.

Афродизиак

Араб әйелдері көп ғасырлар бойы афродизиак ретінде құрманы қолданады. Жемісін ұнтақтап, ерлердің кофесіне қосады. Бұл өнімнің құрамында құмарлықты, жыныстық қабілетті арттыратын түрлі амин қышқылдары бар.

Шаш пен терінің әдемілігі

Шаш сынғыш болса, тері құрғаса, әжім ерте пайда болса құрма жеу қажет. Оны косметикалық маскалар құрамына қосуға болады.

 ihsan.kz 
нравится:    1424
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии