17 Декабрь
12:13
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
19 маусым 09:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Күннен қуат жинайтын жүзбелі электр стансасы салынады (видео)
Жапонияның «Фукусима» АЭС-дегі апат мұндағы жұртты қуат көзі тапшылығына әкеп соқтырды. Бұл күрделі мәселені шешу үшін ел билігі күннің қуатын пайдалануды ұйғарды.



Бірақ ұлтарақтай жапон жеріне қуат жинағыштар сыймайтын болып шықты. Қазір олар осы тығырықтан шығатын бір жолды тауыпты, деп хабарлайды epochtimes.ru. Енді күн батареялары судың бетіне «жүзбелі арал» түрінде орналастырылатын болды. Жуық арада Като қаласында осындай жүзбелі электр стансасы іске қосылады. Онда барлығы 9 мың күн панелі қойылады. Батареялар су өтпейтін тұғырдың бетіне бекітілген. Жүзбелі электр стансасы жылына 3300 МВт/с өндіретін болады. Ал бұл шамамен 920 үй шаруашылығын тоқпен қамтамасыз етуге жетеді. Француз зерттеушілері жүргізген бақылауға сәйкес, жүзбелі электр стансалары сағатына 200 шақырым жылдамдықпен соққан жойқын дауылға төтеп бере алады екен.



Дереккөзі: 24.kz
нравится:    952
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии