20 Ноябрь
15:41
Астана: -1 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Әлем жаңалықтары
18 мамыр 11:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Құралай салқыны- табиғат тылсымы
Құралай, құралайдың салқыны — Қазақстанның орталығы және солтүстік аумақтарында шамамен 20 мамырдан басталып, оншақты күнге созылатын ауа райының құбылмалы күндері; табиғат құбылыстарына байланысты халықтық қағидаларда қалыптасқан амал.


"Бес қонақ" өткен соң, мамыр айының шамамен он төрті және жиырма сегізі аралығында 2-3 күнге ғана соғылатын қатты желді халық даналары «Құралай салқыны» дейді. Ақсақалдар айтуынша, оның дәл бұлай айтылу себебі, осы уақытта киіктер лақтап, құралайын суық жерден тұрғызып жүгіртеді. Киіктердің төлдер кезі, желге қарсы жүгірген жағдайда ғана олар төлдеуге қабілетті болады екен. Олардың төлдері аптап ыстыққа шыдамайды, сол үшін жылда көктемнің үшінші айы мамырдың аяғына қарай табиғаттың тылсым күшімен қатты суық жел тұрады. Киіктердің төлдеуі екі – үш күнге ғана созылады. Бір ғажабы киік қанша көп болса да, «құралай салқыны» кезеңінде төлдеп үлгереді. Сондықтан одан ары жаз толықтай күшіне енеді екен.

Құралай салқынының тағы бір қызығы, етке сондай құмар дала жыртқышы дәл осы уақытта тәбеті қашып, етке жақындай алмай қалады екен. Ал бұл сәтте ақбөкендер жаппай төлдеп, құралайлары аяғынан тұрып кеткен кезде ғана қасқырға етке деген тәбеті қайта оралады.

Жалпы осы жерде айта кеттетін жайт, киік қазақ үшін өте қасиетті жануарлардың қатарында. Сондықтан да болар қазақ халқының ауыз әдебиетінде киікке байланысты аңыз – әңгімелер мен теңеулер көп. Асан Қайғы бабамыз жерұйық іздеп жүргенінде әр өңірге өзіндік бағасын жырменен беріп отырған ғой. Сонда оның «Қырында киік жайлаған, суында балық ойнаған» деп те айтқаны бар. Шалкиіз ақын болса: «Ақ киіктің шабар жері майдан дүр» деп толғаса, Бұқар жырау: «Киігін қойдай қайырған», - дейді. Сәкен Сейфуллин де «Ақсақ киік» деген өлеңінде: «Жәндіктің киік деген баласы бар», - деп жырлайды. Яғни, ұлттық энциклопедиямызда ақбөкен аталып, ақбөкен деп жазылып жүрген жануар – негізінен киіктер.

Әлеуметтік желі материалдары негіздерінде әзірленді.

Дереккөзі: reactor.inform.kz
 
нравится:    1971
Теги: Главная, Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии