26 Сентябрь
22:29
Астана: 1 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 339.68
EUR/KZT: 401.13
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.26
Әлем жаңалықтары
23 тамыз 15:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Құран сүресі жазылған қағаз кірмен бірге жуылып кетсе де құрғақ шыққан


Танымал телепродюссер Серік Абас-Шах өз басынан өткен мынадай тосын оқиғасымен бөлісті. Оның айтуына қарағанда, кір жуатын машинада киімдермен бірге жуылып кеткен Құран сүресі жазылған қағаз ешқандай дақ түспестен құрғақ күйінде шыққан - деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.Танымал тележурналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында "Фатиха" сүресі жазылған бір жапырақ қағаз туралы толығырақ жазыпты. Кеше кешке зат көтеріп жүріп, шортигімді былғап алдым. Киім ауыстырып, әлгіні жууға берер алдында (келіншегімнің көзінше) қалтамды ақтарып жатырмын ғой. Құжат, кілт, қағаз дегендей... "Байлықтың" бәрін басқа қалтама салып, жөніме кеттім. 
 
***
- Секебай, өзің тексерген соң, шортикті сол қалпымен кіржуғышқа салғанмын. 
- Сосын...
- Жуылып болған соң, балконға жайғалы тұрсам, төменгі қалтасынан тағы басқа қағаздар шықты. Байқамай қалғансың ғой. Қалтаңды өзің ақтарған соң, ары қарай қарамаған едім. Кешірші...
- Енді...
- Бір, екі қағазың бүлініпті. Бірақ, Құран жазылған қағазға ештеңе болмапты. Сол құп-құрғақ қалпында.
- Қалай құрғақ?

***

Қысқасы былай: Алты-жеті жылдай уақыт болды. Фатиxа сүресін жаттаймын деп ниет қылып, оны кішкентай бір қағазға ыңғайлы болсын дер бастырып, құжаттың арасына салғанмын. Содан бері (қайда барсам да) қалтамнан түскен емес. Ара-арасында еске түсіп, (оқып) қайталағанмен, күнделікті дағдыға айналдыра алмай жүргенмін. Енді, міне... Не дерімді білмеймін...


Қағаздың су ішінен құрғақ шыққаны қызық болды. Егер басқа біреудің аузынан шықса, әсіре әңгіме болар деп сенбес едім. Құдайдың құдіреті деп қойдым (ішімнен)... Мүмкін, бұл кезекті ескертуі шығар?!"

Расымен, Алланың құдіретімен селден аман қалған мешіт, өрттен аман қалған Құран туралы көп естіп, оқыған едік. Ал, мына бір жапырақ қағаздың судан құрғақ шығуы таңқаларлық жағдай екен.


Дереккөзі: Фейсбук әлеуметтік желісі
нравится:    995
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии