22 Сентябрь
15:52
Астана: 9 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 340.35
EUR/KZT: 405.46
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.64
Әлем жаңалықтары
29 мамыр 15:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Құран жарысында 14 жастағы қари «Hyunday» автокөлігін ұтып алды
Құран жарысында 14 жастағы қари «Hyunday» автокөлігін ұтып алды 


Бүгін Алматы қаласында «Бәйкен» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «VI Республикалық Құран жарысы» мәресіне жетті. 
Құранның 30 парасын, яғни қасиетті кітабымыздағы 114 сүрені толық жаттаған қарилар сайысқа түскен болатын. Әр облыстағы іріктеу сынынан өткен 32 қаридың Құранды мүлтіксіз жаттауы, Құран оқу ережелерін сақтауы, аяттардың тәпсірін меңгеруі, сүрелердің аудармасын білуі сынды қабілеттерін ұйымдастыру алқасы, яғни әділқазылар жан-жақты бағалады, саралады.
Осымен алтыншы рет өткен республикалық Құран жарысында Жамбыл облысынан келген 14 жастағы ең жас қари Дулат Қалығұлов жүлделі І орынды иеленді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы оған «Hyunday» көлігінің кілтін салтанатты түрде табыстады. Әділқазылар алқасының шешімімен Шоқан Уәлиев (Оңтүстік Қазақстан облысы) қариға екінші орын бұйырды. ІІ орынның жүлдесі – «Daewoo Nexia» автокөлігі. ІІІ орынға лайық болған Хусей Уалихаджи қари (Жамбыл облысы) «Лада Приора» көлігін қанжығасына байлады. IV орынды иеленген Нағим Нағманов қариға (Маңғыстау облысы) үлкен қажылыққа тегін жолдама берілді. V орынға Назар Сұлтанбай қариға (Астана қаласы) кіші қажылықтың сертификаты табысталды. Жарысқа қатысқан барлық қариға 70 000 теңге қаржылай сыйлық берілді.
Игі шарада «Бәйкен» мешітінің Бас имамы Құлмұхаммед Маханбет жүлделі орындарға көлік сыйлаған демеушілерге, қаржылай қолдау көрсеткен дін жанашырларына, кәсіпкерлерге, ұйымдастыру алқасының мүшелеріне ізгі ниетін жеткізіп, Бас мүфтидің алғыс хатымен марапаттады.

Дереккөзі:BAQ.kz 
нравится:    723
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии