17 Октябрь
18:59
Астана: 13 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 333.03
EUR/KZT: 392.61
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.54
Кербез
3 қазан 18:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Құрғақ теріге күтім

Бет терісі тез құрғап, қабыршықтанып кетеді. Ғимараттың іші мен сырттағы температураның өзгешелігі де кері әсерін тигізбей қоймайды. Кейде қабаттап жаққан кремнен де айтарлықтай пайда болмайды. Ондайда не істеу керек? 

Әрине, алдымен теріні нәрлендіретін түрлі маскалардың көмегіне жүгінген жөн. Ал бетке маска жасар алдында бетті мұқият тазалау керек. Масканы әдетте аптасына бір-екі жасау керек болса, бет терісі тым құрғап кетсе, одан жиілеткен абзал. 

Сұлы жармасы
1 ас қасық сұлы жармасы, сондай мөлшерде зәйтүн майы мен балға жұмыртқаның сарысын қосып, біркелкі болғанша жақсылап араластырыңыз. Бетіңізге жағып, 20 минуттан кейін жылы сумен жуыңыз. Бетіңізге нәрлендіретін крем жағыңыз.

Қаймақ
Теріні қиярдың шырыны да жақсы нәрлендіреді. 1 ас қасық қияр шырыны мен сондай мөлшерде қаймақты араластырып, бетіңізге жағыңыз. Бет терісі тым құрғақ болса, қаймақтың майлылығы жоғарысын алған жөн. 

Сүт
Ол теріні нәрлендіріп, жұмсартып қана қоймай, ағартады да. Ол үшін бірдей мөлшерде ашыған сүт, сәбіздің шырыны мен зәйтүн майын араластырып, бетіңізге жағыңыз. 15 минуттан соң жылы сумен жуыңыз.

anabol.kz
нравится:    852
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии