17 Декабрь
10:13
Астана: -23 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Кербез
11 наурыз 10:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Күріш диетасының пайдасы қандай?
Күріш диетасы – арықтауға арналған, әлемдегі ең танымал диета түрі. Біріншіден, денсаулығымызға өте пайдалы. Алайда, күріш диетасы үшін бұл тағамды жүйелі түрде жеу ғана емес, белгілі бір талаптарды орындау да қажет.

Күріш диетасының пайдасы қандай?

Арықтауға арналған диетаны ұстамас бұрын, алдын ала дайындалу қажет. Ол үшін 5 стақанға 2 ас қасық күріштен салып, таза су құямыз. Төрт күн қатарынан күріштің суын ауыстырып отырамыз. Бесінші күні таңертең бірінші стақандағы күріштің суын төгіп, жеңіз. Айтпақшы күрішті қайнатудың қажеті жоқ. Кейін осы ыдысқа күріш салып, су құйып, соңғы қатарға қойыңыз. Күн сайын суын тазартуды ұмытпаңыз. Келесі күні де осы әрекетті қайталаңыз.

Осындай көлемі үлкен әрі калориясы төмен саналатын күріштің тағы бір қосымша пайдасы бар: суға салынған соң, ол борпылдақ күйге көшеді. Ал бұл өз кезегінде ағзада жылдар бойы жиналған зиянды заттардың бәрін шығаруға көмектеседі (буынға жиналып, олардың қозғалысын төмендететін әртүрлі тұздар мен шлактар). Алайда, күріш диетасын ұзақ уақыт бойы қолдансаңыз, ағзадағы зиянды заттардан бөлек, калий секілді қажетті заттар да азая бастайды. Міне, осыған орай, күріш диетасын қолдану мерзімі әртүрлі болып келеді.

Ағзаны тазартуға арналған ең қарапайым күріш диетасы мынадай: күн сайын таңертең аш қарынға дымқыл күрішті жеңіз. Тіпті, су ішуге де болмайды. Күріш дәндерінің көлемі сіздің жасыңызға байланысты (1 жаста болсаңыз, 1 дән). Мұндай таңғы астан соң үш сағат бойы ішуге де, жеуге де болмайды. Ұйықтардан үш сағат бұрын тамақ ішуді доғарыңыз. Алайда, шай, су және шырын ішуге болады. Күріш диетасын қолданған 10 күнде ұн тағамдарын, макарон мен картоптан аулақ болыңыз. Мұндай күріш процедурасын жарты жылда бір реттер артық істемеңіз.
Күріш диетасының тағы бір нұсқасын мынадай: аптасына бір рет бір стакан күрішті (тұзсыз) қайнатып жеңіз. Суды мол ішіңіз. Мұндай диетаны бір-екі ай бойы ұстануға болады. Алайда, бұл диета кезінде тамақтану мәзіріңізге балық (тұзды және кептірілген балықтан бөлек) пен жеміс-жидек, көкеністерді қосыңыз.

Күріш диетасы

Ең нәтижелі күріш диетасы мынадай: күн сайын кешкісін банкігуе екі ас қасық күрішті салып, үстіне су қойып, қараңғы жерге қойыңыз. Таңертең бір стакан таза су ішіп, кейін суға бөктірілген күрішті жуып, тұзсыз қайнатыңыз. Әлгі дайындалған күрішті жеңіз де, кейін төрт сағат бойы тамақ ішпеңіз. Осыдан соң, күндегідей тамақтана беріңіз, бірақ ащы тағамдардан аулақ болыңыз. Күріштен дайындалған таңғы асты екі апта бойы күн сайын пайдаланыңыз.


Дереккөзі: Интернет материалдары негізінде әзірленді
 
нравится:    2054
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии