Әлем жаңалықтары
11 қаңтар 15:47
Құрма – қан тамырларын нығайтып, қатерлі ісікке қарсы күреседі



Халықаралық ғалымдар тобы құрманың емдік қасиеті бар екенін мәлімдеп, оны мүмкіндігінше молынан тұтынуға кеңес берді. Оның құрамында адам ағзасының барлық жүйесіне оң ықпалын тигізетін калий, магний, фосфор және темір көп мөлшерде кездеседі. 

Пайдала микроэлементтерінің арқасында құрма ішектің жұмысын қалпына келтіреді. Жемістің бұл түрі әжімдердің ерте түсуінен қорғай отырып, теріні тұрақты қалпында сақтайтын әртүрлі антиоксиданттарды қамтиды. 

Сонымен қатар, құрма ағзадағы қан тамырларының осалдығын төмендететін, адамның иммунитетін нығайтатын дәрумендер тобына аса бай. Оның құрамында қатерлі ісікке қарсы күресетін А дәрумені де бар.


Дереккөзі: http://www.mignews.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика