17 Октябрь
19:08
Астана: 13 °C
Алматы: 16 °C
USD/KZT: 333.03
EUR/KZT: 392.61
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.54
Әлем жаңалықтары
24 қазан 10:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Құрсақтағы сәбидің жынысына байланысты жасанды түсік жасатуға тыйым салынбақ


Армения билігі әлі дүниеге келмеген сәбидің жынысына байланысты жасанды түсік жасатуға тыйым салатын заң жобасын енгізбек. Халқы бар жоғы 3 миллионнан асатын Армения демографиясын осы мәселе тығырыққа тіреп отыр. Себебі елдегі бала тууға қабілетті келіншектердің көпшілігі құрсағындағы сәбидің жынысын білгеннен кейін, қыз бала болса жасанды түсік арқылы алдырып тастайды. Осылайша құрсаққа біткен қыз баланы алдырып тастаудан Қытай мен Әзербайжаннан кейінгі үшінші орынды еншілеген.  Елде дүниеге келген ұл балалардың саны қыз балалардан асып түскен. 2015 жылы дүние есігін ашқан ұлдар мен қыздардың салыстырмалы көрсеткіші 115:100 болған.  
Жаңа заң жобасына сәйкес бала көтерген келіншекке дәрігерге қаралғаннан кейін үш күн уақыт беріледі. Бұл уақытта мамандар әйелдерге түсіктің зиянын түсіндіруі тиіс.
1921 жылы Армения жасанды түсік жасатуды заңдастырған алғашқы кеңестік мемлекеттердің бірі болған еді.

Дереккөз: www.theguardian.com
нравится:    813
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии