22 Апрель
09:32
Астана: 10 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 326.17
EUR/KZT: 401.25
RUB/KZT: 5.31
CNY/KZT: 51.84
Әлем жаңалықтары
17 желтоқсан 11:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Күтпеген қонақ»: Жолбарыс үйлену тойының шырқын бұзды



Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында жабайы жолбарыс үйлену тойына «күтпеген қонақ» болып, қонақтар мен жас отау иелерінің шырқын бұзды, деп хабарлайды The Times of India.

Жабайы жыртқыш бұталардың арасынан шығып, қонақтардың жанынан асықпай маң-маң басып жөніне кеткен. Тойдың қызығына түскен халық оны көріп абыр да сабыр шулап, қорқып қалған. Абырой болғанда, жыртқыш ешкімге тиіспей, той қонақтары еш зардап шектеген.

«Жолбарыс көрінген сәтте той қызып жатқан болатын, - деп мәлімдеді жергілікті табиғатты қорғау ұйымының еріктісі. – Қонақтар айғайға басып, жан-жаққа қаша бастады. Олардың айғай-шуы жыртқыш орманға қайта кіріп кеткенше басылған жоқ».



БАҚ-тың хабарлауынша, бірнеше уақыт өткен соң жыртқыш Махараштра штатында бір әйелге шабуыл жасаған. Жәбір шеккен әйел Тамзар қаласындағы мемлекеттік ауруханаға жеткізілді.
 
Зоологтар жолбарыстың бұл іс-әрекетіне баға берді: ол тұрғылықты жерлердің маңында еркін кезіп жүр, адамдардан еш қорықпайды.
 
Бхандара округіндегі орманды қорғау ұйымы басшысының орынбасары Вивек Хошинг жолбарысты бақылау үшін жеті адамнан тұратын арнайы топ құрылғанын мәлімдеді.


Дереккөзі: РИА Новости 
 
нравится:    134
Теги: Главная, Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии