Әлем жаңалықтары
20 қыркүйек 15:26
Күйеуі көзіне шөп салған келіншек үйін сатып, саяхатқа кетіп қалған
Австралияда жас келіншек күйеуінің көзіне шөп салғанын біліп қалып, оған кек қайтаруды ойлаған.

 
 
Ол күйеуінің басқа әйелі бар екенін ноутбуктегі кездейсоқ хабарламадан білген. Бастапқыда күйеуінің көңілдесіне өзі туралы айтайын деп ойлап, айнып қалған. Оның орнына күйеуі тағы сол көңілдесіне кеткен кезде ортақ үйлерін сатып, өзі саяхатқа кетіп қалған.

Ал күйеуі үйіне келгенде басқа қожайындарды көріп, әйелінің үйлерін сатып жібергенін бір-ақ білген. Бірақ ол да әйелін бұл үшін жазғырмай, көңілдесіне біржола кеткен.

Дереккөз: Сегодня

Комментарии




Яндекс.Метрика