|    |  
24 наурыз 2019
12:05
қаз
Күйеуіңіз арақ ішсе не істеу қажет?
28 қараша 2018, 15:41 3
Егер күйеуіңіз ішімдікке әуес болса ешқандай жағдайда оның айыппұлдарына, өзге де бүлдірген істеріне жауапкершілік алуға болмайды.


 
Оның жұмыстан шығуы, қарыздануы, өзгенің мүлкін бүлдіруі, ақша алуы -  бәрі оның өзінің проблемасы. Және бұл проблемаларды әйел шешуі міндетті емес.

Сондай-ақ үйде күйеуіңіздің ішімдік ішуіне мүмкіндік бермеу қажет. Әсіресе үйде сыра мен шарап қоюға болмайды.
Сондай-ақ оның ішімдік ішетінін бетіне басып жанжалдасудан сақтану керек. Себебі масайған адам жанжалды одан сайын ушықтырады.
 
Психолог мұндай жағдайда әйелге ең алдымен күйеуін ішімдікке тәуелділіктен айықтыру қажет пе, оған күш салу қажет пе және мұндай күйеумен бір шаңырақ астында тұру қажет пе соны шешіп алу керек дейді. Мұндай оқиғалар 98% жағдайда нәтижесіз аяқталады.
 
Дереккөз: zhenskoe-mnenie.ru


Жаңалықтар