|    |  
17 қараша 2018
18:03
қаз
​Қуыршақ құшақтаған ұшқыш қызметінен қуылды
24 тамыз, 17:50 1022

 
Жаңа Зеландияның Air New Zealand әуе компаниясы қызметкерлерінің әлеуметтік желіге жариялаған суреттерінен кейін қызметтік тергеуді бастады.
 
Ұшқыш ұшақ кабинасында резеңке қуыршақты құшақтап суретке түскен. Сондай-ақ стюардессаның ұшақ салонында түкіріп жүрген сәті түсірілген видео жарияланған. Стюардесса видеоға «Жолаушыларға да осылай түкірсе ғой»-деп жазған.
 


Бейәдеп қылықтарын фото мен видеоға түсіріп, желіге жариялаған ұшқыш пен стюардесса жұмыстан босатылған.
 
Видеоның төрт жыл бұрын, суреттің бір жыл бұрын жарияланғаны белгілі болды. Бірақ қызметкерлерінің бұл қылықтарын басшылық жақында ғана көрген.
 
Заңгерлер бұл кадрлардың әуе компаниясының атына кір келтіріп, жолаушылардың түсініспеушілігін тудыруы мүмкін дейді.
 
Жаңалықтар