22 Январь
14:02
Астана: -32 °C
Алматы: -10 °C
USD/KZT: 324.27
EUR/KZT: 398.27
RUB/KZT: 5.73
CNY/KZT: 50.68
Әлем жаңалықтары
7 қаңтар 12:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қуырылған шала жансар балық жаға ұстатты



Weibo әлеуметтік желісінде Қытайдың оңтүстігіндегі Хунань провинциясындағы мерекелік шаралардың бірінде түсірілген видео Желі қолданушыларының жағасын ұстатты. Бейнематериалдан жаңа қуырылған балықтың әлі де жаны шықпай, құйрығы мен денесінің қимылдап жатқанын анық көруге болады.

Видео түсіріліп жатқан сәтте-ақ өз көзіне сенбеген әйелдің жан ұшыра қорқып, айғайлаған дауысы естіледі.

Кейбір Желі қолданушылары балықты ас мәзіріне қоспас бұрын оның өлі екеніне көз жеткізбеген аспаздарды кінәлауда. Енді біреулер шала жансар балықтың етін жеу денсаулыққа қауіпті әрі өте қатыгездік екенін тілге тиек етуде.

Британдық Metro басылымы балықтың миы мен жүрегі толығымен жұмысын тоқтатқанда, оның денесіндегі жасушалар кейде тіршілік белгісін беріп, қимылдауы мүмкін деп түсіндіреді.




Дереккөзі: http://life.ru
нравится:    661
Теги: Главная, Әлеуметтік желі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии