|    |  
15 желтоқсан 2019
04:35
қаз
Күйзелісте жүрген адамдар қандай сөздерді жиі қолданады?
11 ақпан 2018, 14:31 55



Мамандар күйзелісте жүрген адамдардың қандай сөздерді жиі қолданатынын анықтады.
 
Зерттеу барысында форумдардағы мыңдаған хабарламалар, әлеуметтік желілердегі жазбалар, онлайн-күнделіктер сараланған. Нәтижесінде күйзелісте жүргендердің көбі жағымсыз эмоцияға толы сөздерді жиі қолданатыны анықталған. Мысал үшін «жалғыз», «мұңды», «байғұс» деген сөздер. Сондай-ақ оларға «үнемі», «әрқашан», «ештеңе» деген сөздер де тән екен. Себебі оларға қоршаған ортада не болып жатқаны маңызды емес. Бұл сөздерді көбінесе өз-өзіне қол салатындар қолданады екен.
 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек әлем бойынша 300 миллион адам күйзелістен зардап шегеді.
 


Дереккөз: doctor.rambler.ru


Жаңалықтар