24 Ноябрь
13:31
Астана: 0 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 330.00
EUR/KZT: 390.72
RUB/KZT: 5.65
CNY/KZT: 50.13
Кербез
13 қыркүйек 10:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Күйзелістен тез арылудың тәсілдері

Психология адамның күйзеліске түспеуі үшін түрлі амалдарды қарастырады. Адамның бір істің салдарынан «өзінен айырылуы», басқа істеріне де кедергі келтіреді. Осындай сәтсіздікке ұшырамас үшін адам алдын-ала қауіпсіздіктерді қарастырып жүргені дұрыс. Мысалы мамандар жүйкеңізді тыныштандырудың төмендегідей тәсілдерін ұсынады. 

Шашыңызды тараңыз! 

Күні бойы компьютердің алдында отырсаңыз, басыңыз ауырып, мазаңыз қашатыны белгілі. Осындай сәтте күйзелістен құтылудың бір жолы-10-15 минут шашыңызды тарау. Бұл бұлшық еттердің босаңсуына және қан айналымының дұрысталуына көмектеседі.

Балмұздақ жеңіз!

Тәтті тағам-күйзеліске қарсы күш. Балмұздан жақсы көңіл күйді қалыптастырып, жүйкені тыныштандырады. Сондай-ақ, банан мен балық та кұйзеліске қарсы өте пайдалы тағам.

Массаж

Өз энергияңызды сақтау үшін массаж қабылдап тұру қажет. Оған уақыт табылмаса, өзіңіз массаж жасап үйреніңіз. Мысалы қастың айналасына, еріннің астыңғы бөлігіне, алақанға жасалған массаждар жүйкені тыныштандырады.

Алақаныңызды үйкеңіз

Жүйкені сақтайтын тағы бір амал-алағаныңызды бір-біріне үйкеу. Әбден ыстық болғанынша бар күшіңізбен үйкеу керек. Әрі құлағыңызды да жақсылап уқалау арқылы тынышталуға болады.

http://ikerim.kz/2017/09/08/kuizelizten-arylu-tasili/
нравится:    34
Теги: Психология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии