23 Октябрь
17:32
Астана: 11 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Кербез
19 қазан 15:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Күз бен қыста біздің ағзамызға ең қажетті 6 дәрумен

 
Маусымдық авитаминоз – әркімге таныс термин. Қазақшалап айтқанда бұл ағзаға дәруменнің жетіспеуі деп аталады. Оның симптомдары көбінесе күз бен қыста білінеді. Себебі біз тұтынатын жеміс-жидектер мен көкөністер азаяды. Егер үнемі ұйқышылдық, еңбек қабілетінің төмендеуі байқалса немесе тәбетіңіз бұзылса, шашыңыз түсіп, тырнағыңыз сынып, теріңіз тітіркене басатаса сіздің ағзаңызға дәрумен жетпей жүр деген сөз. Дәрумен жетіспеуі адам денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Сол себепті де ағзаға қажетті дәрумендерді  қазірден бастап қабылдай беруге болады. Біз ең қажетті деген алты дәруменге тоқталмақпыз. Сонымен
 
 
1. Күш-қуатыңызды арттыратын Д дәрумені
D дәрумені біздің ағзамызда күн көзінің әсері арқылы бөлінеді. Бұл дәрумен барлық азық-түлікте болмайды. Сол себепті күш қуатыңызды арттырып, еңбек қабілетіңізді жоғалтпау үшін Д дәруменін қабылдаңыз. Ол сүйектерді қатайтып, жүрек - қан тамыр жүйесіне де жақсы әсер етеді.
 
 2. Аяқ-қолды жылытуға арналған Омега-3
 Суық түскенде біздің аяқ-қолымыз үнемі тоңады. Әсіресе қан айналымы нашар адамдар көп зардап шегеді.  Мэриленд университетінің деректеріне сүйенсек, омега-3 дәрумен қоспалары қан айналымын жылдамдатады. Аяқ-қолыңыз үнемі тоңып жүрмес үшін осы дәруменді қабылдасаңыз болады.  
 


3. Тәттіге деген құмарлықты басатын глютамин
 Күз бен қыста адамның тәттіге деген құмарлығы ерекше артады. АҚШ-тың Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрлігі жүргізген зерттеу ересек адамдардың қыс айларында әдеттегіден көп салмақ қосып алатынын  көрсеткен. Бұл  мәселені глютамин ішу арқылы шешуге болады. Миссури университетінің зерттеуі пайдалы амин қышқылының тәттіге деген құмарлықты басатынын дәлелдеген.
 
4. Иммунитетті көтеруге арналған бета-глюкандар
 Маусымдық вирустар болатындықтан біздің иммундық жүйеміз әлсірейді. Ағзамыздың түрлі инфекцияларға қарсы тұруына көмектесу үшін бета-глюкан қабылдау қажет. Food and Nutrition Sciences журналында жарияланған зерттеу бета-глюканның 900 мг көлеміндегі күн сайынғы мөлшері суық тию симптомдарын 25% азайтатынын көрсеткен. Ғалымдар бета-глюкандардың лейкоциттерді арттырып, иммундық жүйеге қозғаушы күш болатынын дәлелдеген.  
 


5. Буындардың ауыруына қарсы глюкозамин
 Буындағы аурулар ауа-райы суытқанда сыр беріп, асқына түсетіні бар. Тағамдық қоспа ретінде тұтынатын глюкозамин буындардың сырқырауын басып, арқадағы ауырсынуды азайтады.
 
 
6. Тері мен ерінге арналған С дәрумені

 Ерін мен теріні суықтан қорғау үшін құрамында С дәрумені бар қоспалар немесе рибофлавин қабылдау қажет. Бұл екі микроэлемент теріні қалыңдатып, құрғақтықты азайтады.  
 
Дереккөз: hochu.ua
 
нравится:    1024
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии