22 Август
22:48
Астана: 21 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
9 тамыз 12:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Құздан құлаған қыздың видеосы желі қолданушыларын қырқыстырды

 
YouTube желісін қолданушылар құздан құлаған қыздың видеосы үшін керісіп, қырықпышақ болған. Ролик Viral Videos1 каналында жарияланған.
Бес күннің ішінде видеоны үш миллионнан астам адам көрген. Онда құздан құлап бара жатқан қыз тас үстінде отырған жігіттің аяғынан ұстап қалмақ болады. Жігіт болса аяғын тартып қалып, қызды төменге құлдилатып жіберген.
 
Желі қолданушыларының пікірі жігіттің осы қылығына байланысты қақ жарылған. Біреулері жігітті қорқақ десе, екіншілері ол аяғын тартып алмағанда өзі де қыздың кебін киер еді деген пікірде.
 
Ролик америкалық фотограф Джей Альварездің видеосынан алынған үзінді. Ол өзінің экстремальды роликтерімен танымал.


 
Дереккөз: Лента.ру.
нравится:    2055
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии