25 Сентябрь
03:03
Астана: -5 °C
Алматы: 3 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Кербез
15 қыркүйек 11:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Квас сусыны емдік қасиетке ие

Квас – сүт қышқылды және ашытқылы негізде қара бидай ұнынан және өнген арпа дәнінен дайындалған табиғи сусын.

Мыңдаған жылдар бұрын ойлап шығарылған бұл сусын бүгінде де үлкен сұранысқа ие. Қара бидай мен арпа уытынан өндірілетін квас дәмді әрі ағзадағы процестерді ретке келтіреді. Ағзаға әсер етуі жағынан оның айран мен қымыздан айырмашылығы жоқ. Квас ұйыған сүт өнімдері сияқты ас қорыту жүйесін реттеп, зиян және ауру туғызатын микробтардың пайда болмауын қадағалайды, адамның көңіл-күйіне жағымды әсер етіп, зат алмасуды, жүрек-қантамырлары жүйесінің жұмысын жақсартады.

Кваста көп мөлшерде (0,25-0,50 пайыз) сүт қышқылы 0,3-5 пайыз қант, 0,3-0,8 пайыз декстрин, 0,4-0,8 пайыздай спирт бар. Квастың құрамында аз мөлшерде В тобының дәрумендері, сондай-ақ азотты сығынды заттар, амин қышқылдары мен минералды тұздар бар. Ашыту кезінде пайда болатын көмір қышқылы сусынның органолептикалық және сергіткіш қасиетін күшейтеді. Ал, оның негізгі құрамындағы: ашытқы, уыт пен ашытқы өнімдері ауру тудыратын микробтармен күресе алады.

Ашытқы. В тобының құнды дәрумендері, демек әлсіздік, қозғыштық, күйзеліс, қайызғақтың алдын алып, қалың және жылтыраған шаш пен сымбатты келбетке жол ашады. Бұдан өзге, ашытқыда РР дәрумені көп. Ол тәбетті ашуға, тері денсаулығына және беттің терісіне жақсы әсер етіп, сонымен қатар органикалық қышқылды реттейді. Сондай-ақ,  ауру тудыратын микробтармен күресіп, ішекті тазартады және де ағзада сұйықтықты ұзақ сақтап тұратындықтан квас шөлді жақсы басады.

Уыт. Бидай, арпа, қарабидай мен қарақұмық дәндері Е дәруменіне бай, ал бұл бізге қартаюмен күресуге көмектеседі, әжімдерді тегістеп, жүрек-қан тамырлар жүйесін мықтайды.

Ашытқы өнімдері. Құрамындағы пайдалы микроағзалардың мөлшері жағынан квас айраннан қалыспайды. Ол да ас қорытуды, зат алмасуды жақсартады және иммунитетті күшейтетін қасиетке ие.
 
Дереккөзі: Baq.kz
нравится:    1588
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии