22 Август
22:47
Астана: 21 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
22 тамыз 12:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қыдырәлі Болманов Қарақатқа дейін үйленген бе?
 
 
Елдің сүйікті ұлына айналған атпал азамат Қыдырәлі Болманов өзінің инстаграмдағы парақшасына үйленген кездегі суреттерін салып, сырымен бөліскен.  «Осыдан 25 жыл бұрын бойдақ болатынмын. Арман, мақсат көп. Сол армандардың ең бастыларының бірі лайықты, тәрбиелі, ақылды, сабырлы, саналы, сұлу, білімді, ең бастысы адал, ниеті түзу, өзіңді түсіне және бағалай білер, туған-туыстарыңмен тіл тауып құрметтей алар, ар, абыройыңды сақтай алар, балаларыңның анасы бола алатын, жаныңа Жар табу... «Ақылды адамдарға ғашық болу қиын»-деген екен бір психолог. Өзімді ақылдымын дегенім емес. Дегенмен осы сөзде көп шындық бары рас. Алғашқы жобам АБК тобын құрып, Құдайға шүкір, АБК қазақтың көптен күтіп жүрген тобындай «Тамшылар» әнімен жарқ ете түскен кезі. Айналамызда миллиондаған сұлулар хат жазып, кез-келген концерттен кейін небір сұлулар көздерін төңкеріп қарап, жүр үйленеміз десек еріп кетуге дайын тұрғандай көрінетін. Іштерінде небір сұлуларды да, небір бастықтардың қыздарын да, «маған үйленсең сенде бәрі болады, үй де, жұмыс та, ақша да болады» деп құда түскен қыздардың да неше түрін көрдік. Бірақ қанша сұлу болса да сол сұлулардың ешқайсына бұрыла алмадым. Маған өмірлік жар болатын қызды көре де, сезе де алмадым. Көре салып, сұлулығына сиынып үйлене салу мен туралы емес. Алла шебер деп отырушы еді жаны жәннатта болғыр марқұм әжем. Ниетіңе, сабыр, іс-әрекетіңе қарай береді екен мейірімді Алла!!! Осыдан  20 жыл бұрын Қарақатымды кездестірдім. Көрген жерде түсіндім. 2 сағаттан кейін өзім іштей шешім қабылдадым. Сол күні консерваторияның жатақханасына іздеп келіп, тауып алдым. Сол күннен кейін жұбымыз жазылған емес. Содан бері біргеміз. 20 жылда жартысын тапқан адам бүтінге айналып, ниетің дұрыс болса Алла бере салғандарымен жапырақ жайып, тамырың тереңдеп, өсіп-өнеді екенсің. Бәрі бір Алланың қолында. Қарақаттай қыз тауып берген Анасына ұзақ ғұмыр, текті тәрбие берген әкесіне, осы бақытымызды көре алмай кеткен ата-анама жандарыңыз жәннатта болғай демекпін. Алла қосқан адал жарыма тілегім көп-ақ. Сыбырлап айтып берермін. Құтты болсын 20 жыл! Мейірімді Алла бере салғандарымызбен бірге екі өмірдің Абыройын нәсіп етсін! Сен де менсіз, Мен де сенсіз жүре алмайды екенбіз, Не себептен қайғырамыз бекер біз... Қол ұстасып, ажырамай, Мәңгі бірге екеуміз... Арманға жетерміз... МАХАББАТЫМ!»-деп жазған.
 
 
 
Осы орайда құттықтауларын жеткізіп, жылы лебіздерін білдірген оқырмандар қызығушылықтарын жасыра алмай: «Бір сұрақ қойғым келеді, айып етпеңізші... «Әйел бақыты» бағдарламасына кезінде «Ақжүністі» жүргізген Сәуле Әбединова қонаққа келгенде Ләйла Сұлтанқызы оған «Сіз Қыдырәлі Болмановтың бірінші әйелі» деген сөз бар. Сол қаншалықты рас?»-деп сұрақ қойды. Осыған қатысты не айтасыз?,
«Аға сізді көпшілік Қарақатқа дейін үйленген болатын» деп айтады, осы сұраққа өз аузыңыздан жауап естісек?»-деген сыңайдағы сұрақтарды көп қойған екен.
 
Осы тектес сұрақтарға Қыдырәлі Болмановтың өзі төмендегідей жауап берген:
 
«Оны Ләйлә мен Сәулеге қойыңыз. Сәулеге ешқашан үйленген емеспін. Алла сақтасын. Не деген фантазия?»


 
"Өсек-аяң теріп және оны шығаратындар өте үлкен күнә жинаушылар. Әйел адам бөтен еркекке жөн сілтеуге ешқандай қақысы жоқ. Мен еркекпін, тоқал аламын ба, алғым келсе ешкімнен сұрамаймын. Алғым келмесе ешкім алдыра алмайды! Намысым да, сөзім де кесек екенін 25 жыл көз алдарыңызда өсіп келемін, ТВ-дан түскен емеспін, менің жылтырбет, ұрланып жүрмейтін Еркек екеніме санаңыз арқылы сараптасаңыз көзіңіз әбден жетіп тұр! Сондықтан менің жеке өмірімде, Жанұямда шаруаларыңыз болмасын! Көзіңізді ашып қарасаңыз сүмелек еркек емес екенім маңдайымда жазылып тұрған жоқ п? Жалпы, он бәленің тоғызы тілден деген. Өз өмірдеріңізбен айналысыңыздар!! Аллаға сансыз мадақ! Қыдырәлі Болманов өз еңбегімен, білім, ақылымен Алланың қалауымен Қарақатын тапты! Өмірден өз жолын тапты! Намысты, қуатты, қайсар, өз ұлтына адал, қазақ тарихында болмаған әлемде баламасы жоқ бірнеше жобаны іске асырған, ауылда туып-өскен қазақтың қара баласы!".


 
«Және менде тастап кеткен бала-шаға жоқ. Алғашқы ақ некелі жарым да Қарақат! Жаңағы Сәуле, Ләйләлардың әңгімесіне еш қатысым жоқ. Жалпы ниеттері қисықтау адамдарды өшіріп отыру бізде заңдылық. Негативті қандай түрде болмасын жеке көреміз. Аман болыңыздар!».


 
нравится:    3706
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии