12 Декабрь
01:10
Астана: -14 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Мәдениет
21 желтоқсан 17:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қыдырәлі Болманов "phD"докторы атанды
Белгілі продюсер, әнші, тележүргізуші, кәсіпкер бір сөзбен айтқанда «бес аспап» Қыдырәлі Болманов тағы бір қырынан көрінді. Күні кеше  ол Мәскеудегі ғылыми кеңес алдында  халықаралық "phD"докторлық диссертациясын «этнопедагогика, этнопсихология ғылымдары бойынша ең жоғарғы көрсеткішпен қорғап шыққан. Бұл туралы Қыдырәлі өзінің парақшасында хабарлады.



«Ғылымның есiгiн ашып "инемен құдық" қазып, ол құдықтан су шыққанын көру, ерекше бақыт екен... Ресей ғылыми-кеңесiнен өте жоғары " балға" қорғап шықтым....Яғни, өте жоғары баға алдым, әлi қорғамаған тың тақырып екенiн, ең бастысы тектi ұлтымыздың этнопедагогикасы ғажап екенін, бесік жырының орны өте бөлек бала тәрбиесінде, ұрпақ санасында ерекше орын алатынын, ауадай қажет екенiн ғылыми дәлелдеп шықтым...»,- деп жазады.

Бұл туралы продюсердің жары Қарақат: «...Азаматым ресейлік ғылыми кеңесінің алдында халықаралық "phD"докторлық диссертациясын қорғап шықты... Ал ендi ғылым докторынын жұбайын құттықтауларынызға болады»,- деп жазады.




Қазақ этнопедагогикасының көпшілік біле бермейтін "маржандарын" күллі әлемге таныстыруды мақсат тұтып  жүрген ұлтжанды азаматтың бұл еңбегін бағалаушылар әлеуметтік желіде жетерлік. Солардың арасында кезінде айтыскер болған, қазір танымал әнші Төреғали Төреәлінің Қырырәліге арнау шумақтары ерекше әсерлі шыққан:
«Бар қазаққа жүзі мен даусы мәлім,
Қыдекең бұдан былай Әнші-Ғалым,
Қазақ үшін шырылдап Шәмші жаның,
Жана бер, күндей жарық шам-шырағым!
Міне бүгін теңізге айналғандай
Терезеңді қағатын тамшыларың...»,- деп құттықтайды Төреғали өзінің парақшасында.

Авторы: Абай Айсара
нравится:    1256
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии