22 Август
18:57
Астана: 27 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Мәдениет
7 желтоқсан 18:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қыдырәлі Болманов: Жарыңды гүл өсiргендей аялау керек
Қыдырәлі-Қарақат- өмірдегі, өнердегі һәм әдемі жұпдардың бірі. Қос аққудай өнерде бірге жүзген қазақ эстрадасының жұлдыздарына айтылар теңеу жетерлік. Бірақ Қыдырәлі  Болмановтың өзінің жанжары Қарақатқа арнап айтқан теңеуі ерекше әсерлі шықты.



«Миллиондаған сұлулардын iшiнен адаспай жар табу-Алланың iсi....Ұқтыратын жүрек... Алла қосқан жарыңды гүл өсiргендей аялап, алақанына салып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай, кәусар бұлақтың суымен, ниетiнмен суасаң,-жайнап, күнде көзiндi қуантып, үйiндi жұпар исiмен "жұмақтай" кылатыны рас....Кiшкентай кезiмнен ауылда гүл өсiргiш едiм... Өзiм суаратынмын...Қазiр де сол гүлге жүрегiммен су құйып тұрамын...Ол гүл-тек менiң жүрегiмнен су iшедi...Ол Гүл бүгiнде тәттi жемiс-жидек берер Қарақатқа айналды....»,- деп жазады Қыдырәлі өзінің инстаграмдағы парақшасында.
 
Еске сала кетейік, Қырырәлі мен Қарақат 1999 жылдың 20 тамыз күні некелесіп, содан бері өмірде де, өнерде де қол ұстасып келе жатыр. Осы жылдар ішінде қос жұптың Бекболат, Иманәлі, Нұрәли, Айсұлтан есімді төрт ұлы өмір есігін ашты.

Авторы: Абай Айсара
нравится:    1351
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии