|    |  
18 қараша 2018
21:30
қаз
Қылмыскер банктен хат арқылы 22 мың долларды қолды етті
12 шілде, 14:22 655

 
Қылмыскер Сингапурдегі Standard Chartered банкті қарапайым хат арқылы тонап, 22 мың долларды жымқырып кеткен. Полиция қазір қылмыскерді іздестіруде.
 
Белгісіз адам Standard Chartered банктің бөлімшесіне келіп, банк қызметкерлеріне өзінің талаптары жазылған қағазды оқуға ұсынады. Бірнеше минут өткеннен кейін 22 мың доллар қолма-қол ақшамен банктен шығып кеткен.
 
Полиция тонау кезінде қару қолданылмағанын растады. Бірақ тонаушының банк қызметкерлерінен қалай айласын асырып, қомақты қаржыны қолды еткені беймәлім. Құқық қорғау қызметкерлерінің дерегінде банкті тонаған адамның австралиялық екені айтылған.
 
Банк тонау Сингапурда сирек орын алатын оқиған. Себебі мұндағы қылмыспен күресудің тиімді тәсілдері, сондай-ақ қару иелену құқығын шектеу аталмыш елді Азиядағы ең қауіпсіз мемлекет айналдырған.  
 
Сингапурде банк тонау оқиғасы соңғы рет 2008 жылы тіркелген.
Осы жолғы оқиға бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерді бір шулатты. Белсенділер биліктің өз-өздеріне тым сенімді болып, қауіпсіздік шараларын босаңсытқанын сынға алды.
 
Дереккөз: psm7.com
Жаңалықтар