|    |  
19 қараша 2019
10:22
қаз
Қылмыскер көршісінің мәйітін үйінің қабырғасында алты жыл жасырған
10 қазан 2019, 12:12 88
Калифорния штатының тұрғыны көршісін өлтіріп, мәйітін өз пәтерінің қабырғасында алты жыл жасырған.


 
Келіншек 2009 жылдан бері із-түссіз жоғалып кетті деп саналған. 2015 жылдың шілдесінде келіншектің отбасына белгісіз біреу қоңырау соғып, оның мәйіті өзі тұрған үйдің қабырғасына жасырылған болуы мүмкін екенін айтқан.

Марқұмның туысқандары құқық қорғау органдарына жүгінген. Іздеуші иттердің көмегімен мәйітті тапқан. Ал бұл үйдің тұрғындары жылдар бойы жағымсыз иіс бар екенін айтып шағым айтып жүрген.

Марқұмды бұрын бір бөлмеде тұрған 47 жастағы көршісі өлтірген. Қылмыскер 11 жылға түрмеге қамалды.

Дереккөз: Lenta.ru


Жаңалықтар