|    |  
16 желтоқсан 2019
01:50
қаз
Қымбат көліктердің үстінен секіруді әдетке айналдырған бұзақы сазайын тартты
15 қазан 2017, 14:56 45


Сан-Францисколық (АҚШ) бұзақ бос уақытын ерекше өткізу үшін көше бойында тұрған «Ламборджини» көлігінің үстіне шығып, секіріп түскен.

Мұны байқап қалған көлік иесі бұзақының соңынан қарғысты қарша боратқан. Алайда, бұзақы алғашқы сәттілігін қайталамақ болып, қайта оралған кезде ашуға булыққан көлік иесі оны ұстап алады да, көше бойына құлатып, соққының астынан алады.



Айналада көптеген куәгерлердің жиналып қалғанына қарамастан, көлік иесі бұзақыны өлтіретінін айтып қорқытқан. Қатты соққы алды ма, әлде өтірік істеді ме белгісіз – бұзақы көше бойына сұлап түсіп, есінен танған кейіпте жатып қалады. Бұл сәтте «Ламборджини» иесі оған ешқандай көмек көрсетпестен, көлігіне отырып, өз жөнімен кете барады.


 


Жаңалықтар