|    |  
15 қараша 2018
00:42
қаз
Қымыз әлемдегі ең жиіркенішті тағамдар музейінің экспонатына айналды
11 қазан, 17:19 141


2018 жылғы қазан айының аяғы мен 2019 жылғы қаңтар айының басында Швецияның Мальма қаласында әлемдегі ең алғашқы жиіркенішті тағамдар музейін ашу жоспарланып отыр. Аталмыш музейдің экспонаттары қатарына қазақстандықтардың сүйікті сусыны қымыз да енген, деп хабарлайды NUR.KZ.
 
Көрменің ресми сайтында қышқыл дәмді қымыз сусыны басқа экспонаттардың қатарынан орын алған. Экспонаттардың қатарынан хаукарль деп аталатын, аммиактің иісі шығатын қақталған акула етін, ашытылған сюрстремминг майшабағын, мусангтың (Оңтүстік Шығыс және Оңтүстік Азиядағы пальма сусары) тезегінен (қиынан) өндірілетін «купи-лувак» кофесі немесе бұқаның жыныс мүшесін кездестіруге болады.
 
360 канал хабарлағандай, көрмені ұйымдастырушы жиіркенішті нәрселерге деген адамның санасын өзгерту және азық-түліктердің жеткіліксіздігі проблемасына назар аударуды қалайды.
 
Айта кетейік, қымыз сусынының фотосын музей сайтының басты бетінен көруге болады.


 
Жаңалықтар