|    |  
13 қараша 2018
09:43
қаз
​Қырғыз суретшісі шеге мен жіптен Путиннің портретін жасады
18 қазан, 09:44 796

 
Қырғызстандық суретші Азамат Джаналиев шеге мен жіптен салған суретін саясаткерге тарту етіпті. Бұл туралы РФ президентінің әкімшілігі арнайы хатта мәлімдеді.
 


«Сіздің Ресей президентінің атына жолдаған құттықтауыңыз қабылданды. Барлық сыйлықтар, өнер туындылары белгіленген тәртіпте тіркеліп, РФ президентінің жеке кітапханасына жолданады. Ел басшысы сол кітапханада барлық сыйлықтармен танысады»-делінген хатта.
 
Азамат Джаналиев Путиннің портретін Санк-Петербургте саяхаттап жүрген кезінде салған. Путиннің ғана емес, Петр І де портретін жасаған. Бірақ Петр патшаның портерін саяхатын жалғастыруға қаражат табу үшін сатқан екен.
 


Суретші әлемді араламақ. Бес жылда 120 елге барып, әр елдің тарихтағы патшалары мен қазіргі басшыларының портретін салуды жоспарлап отыр. 
 
Дереккөз: zanoza.kg
Жаңалықтар