19 Октябрь
16:45
Астана: 4 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Әлем жаңалықтары
7 қазан 16:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қырғыздардың айыр қалпағы Гиннес рекордтар кітабына енгізіледі (ВИДЕО)

  
ФОТО: http://knews.kg
 
Гиннес рекордтар кітабының жетекшелері қырғыздардың ұлттық бас киімін тіркеу туралы өтінімті қабылдаған. Бұл бас киім әлемдегі ең үлкен айыр қалпақ болып отыр. Бұл туралы «Кабар» телеарнасына қалпақты әзірлегендердің бірі Солтобек Эркин хабарлаған.

Бір топ студент наурыз айында Ұлттық бас киім күніне орай биіктігі 2,7 метр болатын қалпақты дайындап, Гиннес рекордтар кітабына енгізуге өтінім берген.
 
«Мен сәуірде өтінім бердім. Кеше өтінімнің қабылданғаны және рекордты растау туралы сертификат алуға болатыны жөнніде хат келді. Бұл үшін тоғыз құжат жинау керек. Мысал үшін, видеокөрсетілім, фотосуреттер мен қалпақ туралы жазылған БАҚ материалдары керек»-дейді Солтобек.
 


Қалпақ таза киізден жасалған. Студенттер енді оны Ұлттық музе      йге беруді жоспарлап отыр.
 
Дереккөз: Қырғызстан бұқаралық ақпарат құралдары
нравится:    1220
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии