19 Август
09:25
Астана: 12 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
20 қазан 12:12
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қырғызстан Конституциясының түпнұсқасы жоғалды (ВИДЕО)
 
 
Қырғыздың атқамінерлері елдің негізгі заңы - Конституцияның түпнұсқасын таппай, бір-бірімен дауласып жатыр. Бұған дейін Конституция түпнұсқасының Президент аппаратында да, Әділет министрлігінде де жоқ екендігі хабарланған болатын.
 
Кеше өткен парламент отырысында депутат Аида Салянова Конституцияға түзету енгізбес бұрын оны тауып алу керектігін ескертті.
 
Оған жауап қатқан депутат Анвар Артыков: «Жалған екені туралы сөз қозғалғанда парламент бас прокурор А.Саляноваға тексеріс жүргізу туралы тапсырма берген болатын. Ол қол қойылған құжат пен референдумға шығарылған құжаттың бірдей екені туралы қорытынды берген. Демек, соңғы рет Конституцияны сіз көрдіңіз ғой? Ал егер олай болмаса онда сіз жалған қорытынды жасадыңыз ба?»-деп, таяқтың ұшын депутаттың өзіне тастады.
 


Ал Аида Салянова болса: «Ең алдымен осы мәселе талқыланған отырыстың стенограммасын қарау керек. Мен де стенограмманы көтеруді сұраймын. Прокуратураға да осы мәселені қарағаны және қандай қорытынды бергені жөнінде сұрау жіберіңіз. Сонда біз бұл мәселеге қайта ораламыз»-деді.
 
Депутат  Алмамбет Шыкмаматов: «Бұған Бас прокуратура немесе Әділет министрлігі жауапты емес. Себебі түпнұсқа Президент әкімшілігінде болуы тиіс. Түпнұсқаны сол жерден іздеу қажет»-деп нүкте қойғандай болды.
 
Дереккөз: kabarlar.org
 
нравится:    763
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии