20 Ноябрь
09:44
Астана: -2 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Әлем жаңалықтары
7 шілде 15:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қырғызстан президенті авторлық әндерінің дискісін шығарды

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бейсенбіде өзінің авторлық әндерінің музыкалық дискісін шығарды, деп хабарлады КирТАГ мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Көптеген сауалдарға орай, Қырғызстан президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімі президенттің өз мерейтойы қарсаңында жақындары мен туыстарына сый ретінде авторлық әндерінің CD-дискісін шығарғанын хабарлады.  
Орыс тілінде 5 ән жазылған. Дыбыс режиссері Эрнист Уметалиев («Экорекордс» студиясы) маусым айында президент офисінде жазба жұмыстарымен айналысқан. Ал аудиожазба процесіне мемлекет басшысының 1 сағат уақыты кеткен. Тамыз айында еңбек демалысына шығатын президент қырғыз тілінде 5 ән жазуды жоспарлап отыр.
Ән жазба туралы естіген президенттің ежелгі танысы, кинорежиссер Фуркат Турсунов ескі кеңестік фильмдерден клип жасау туралы шешім қабылдаған. Және аудиожазбамен айналысқан Эрнист Уметалиевтің өтінішімен, президент жас режиссер Мирлан Сатқымбаевқа Қырғызстан жастары туралы бейнематериал негізінде клип жасауға рұқсат берді. 

​ҚазАқпарат
 
нравится:    566
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии