Әлем жаңалықтары
4 ақпан 17:46
Қырғызстанда Кант қаласындағы кәрізден 233 артиллериялық снаряд табылды


Шу облысының Кант қаласында жүздеген артиллериялық снарядтар табылды, деп хабарлайды КирТАГ агенттігі Қырғызстан ТЖМ-ға сілтеме жасап.
«Снарядтарды жергілікті тұрғындар Мәскеу көшесіндегі  «Кант-МТС» АҚ ғимаратының қасындағы кәріз люгінің астынан тапты», - делінген хабарламада.
Оқиға орнына келген саперлер астынан 233 снарядты алып шықты. «Соның ішінде 200-і 80 мм кабибрлі, және екеуі 120 миллиметрлік снаряд болды», - делінген хабарламада.
Оқ-дәрілер залалсыздандыру үшін бас штабтың полигонына шығарылды. Қырғызстанның құқық қорғау органдары аталған төтенше жағдайды тергеуге кірісіп кетті. 

 

Комментарии




Яндекс.Метрика