19 Август
13:14
Астана: 19 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
30 қазан 09:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қырғызстандық Зита, Гита есімді сиам егіздерінің бірі дүниеден өтті
Қырғызстанның Шу облысында тұратын сиам егіздерінің бірі, 24 жастағы Зита Резаханова қайтыс болды, деп хабарлады «Комсомольская правда» газеті. 



Әлемге Гита, Зита есімімен танымал сиам егіздерінің бірінің денсаулығы 2011 жылдан бері нашарлап кеткен. Оның бүйрегіндегі ауру қозып, бір көзінің жанары сөнген. Желтоқсан айында қыздардың анасы Бішкектегі Ұлттық госпитальда емделгеннен кейін оларды Мәскеуге алып барғанымен, Ресей ғалымдары көмек көрсете алмады.

-Екіге ажыратылған сиам егіздерінің бірі Зитаның аяғы мен бөксесінің жартысы жоқ. Зитада созылмалы сепсис, өкпесі қабынған. Қолдау көрсеткендердің барлығына алғыс айтамын, - дейді қыздың анасы Зумрият.

Еске сала кетейік, сиам егіздері Зита, Гита Резахановалар 1991 жылы 19 қазанда Шу облысында дүниеге келген. Олардың тұтас денесінде үш аяқ, бір бөксе бар. Олар туралы әлем 2003 жылы Мәскеудегі Филатов атындағы Орталық балалар ауруханасының дәрігерлері оларды ота арқылы ажыратқанынан кейін танып, білген. Зита мен Гита денелері ажыратылғаннан кейін ұзақ уақыт өмір сүре білген әлемдегі сирек сиам егіздері.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    803
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии