19 Октябрь
18:39
Астана: 5 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Кербез
21 қыркүйек 11:20
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қысқа қияр жабудың оңай түрі

Аналарымыз күз басталғаннан қиналып банка жауып жататын кезін ойласаң, қарап отырып шаршайсың «Олай жапқаннан, жаппай сатып ала салған жақсы» дейтіндер қаншама.Бұл әдіс қыста жазды есіне алып, қытырлатып қияр жегенді ұнататындарға арналған, яғни еріншектер әдісі 

Құрамы: (5 литрлік бөтелке үшін)

Қияр (ұсақ түрі) — 2,5 кг
Петрушка 1 бума
Укроп — 1 бума
Лимон — жартысы
Болгар бұрышы — 2-3 түйір
Сарымсақ 1 бас
Қара бұрыш (үгітілмеген түрі) — 10 — 15 түйір

 Тұздығы үшін:
Су — 2,5 литр
Жүзім уксусы — 1,5 стақан (200 мл-лік)
Қант — 1 асқасық
Тұз — 1,5 асқасық

*АЗЫҚ — ТҮЛІКТЕРІҢІЗДІ САТЫП АЛМАС БҰРЫН БӨТЕЛКЕГЕ ҚҰЯТЫН СУЫҢЫЗДЫ ҚАЙНАТЫП, САЛҚЫНДАТЫП ҚОЙЫҢЫЗ!
Алдымен бөтелкемізді тазалап жуып қоямыз, сосын шөптерімізді де жуып, кептіреміз.

бөтелкеміздің түбіне шөптерімізді, яғни петрушкамен укропты саламыз.
Болгар бұрыштарын да екіге бөліп саламыз.
 Қиярларды жуып тазалаймыз, екі жағын кесуге де кеспеуге де болады
 Қиярларды салып, лимонды тілімдеп, сарымсақтарды тазалап саламыз,
 Қара бұрыш (үгітілмеген түрін) саламыз.
 Жүзім уксусы уксусқа тұз қант су құйып, тұзы, қанты ерігенше араластырамыз
 Бөтелкемізге құйып, қақпағын жауып, салқындау және қараңғы жерге қоямыз.

АС БОЛСЫН!

damdialem.kz
 
нравится:    4918
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии